Жетісайда үшем дүниеге келді

23 Шілде 2021, 01:09
1966
Бөлісу:
Жетісайда үшем дүниеге келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жетісай ауданында үшем дүниеге келді, деп хабарлайды жергілікті әкімдік.

34 жастағы Аягөз Қарымсақова №2 облыстық перениталдық орталығында екі қыз бен бір ұлды дүниеге әкелді. Жаңа туған нәрестелерге Ернұр, Айнұр, Балнұр есімі берілді. Сәбилер 37 аптасында дүние есігін ашқан. Білікті дәрігерлердің арқасында шақалақтар мен анасының денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Үшемдер 23 шілде перениталдық орталықтан шығады деп жоспарлануда.

Айта кетсек, үшем дүниеге келген отбасының бір ұл мен екі қызы бар. Әкесі мектепте тарих пәнінен, анасы физика пәнінен сабақ береді.




Өзгелердің жаңалығы