Токио-2020: Ел намысын қорғайтын спортшыларды қолдайтын бейнебаян жарық көрді

23 Шілде 2021, 15:01
2555
Бөлісу:
Токио-2020: Ел намысын қорғайтын спортшыларды қолдайтын бейнебаян жарық көрді
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Токио Олимпиадасының ашылу салтанаты қарсаңында Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті олимпиадалық құрама спортшыларын қолдауға арналған ән мен бейнебаянның тұсауын кесті . Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

«Арнау» әніне арналған бейнебаянға Роза Рымбаева, танымал сазгер Ренат Гайсин, Ninety One тобы, Марсель, Әли Оқапов, Айдана Меденова, Қарақат Башанова, Диная және Мәди Сыздықов түсті. Әннің негізі ретінде Ренат Гайсин жазған Ұлттық Олимпиадалық комитеттің әнұраны алынды, ал мәтінін Мирас Қалдымұрат жазған. Әнұранның қайырмасы олимпиадашыларға арнау ретінде айтылады. Одан бөлек, «Арнау» әнін жарыққа шығаруға Әли Оқапов, Батырхан Мәліков, Данияр Құлымшин, Азамат Ашмақын үлес қосты. Ал ән мәтінін Данияр Өтеген, Дулат Мұхаметқалиев және Алексей Маклай жазды.

Туындының түп мағынасы әрбір атлеттің өміріндегі ең басты құндылық – олимпиадалық арман мен мақсатқа жетер жолындағы қиындықтарды еңсеруге негізделеді.

Әннің лирикалық өңдеуін танымал музыканттар дайындаған. Бейнебаянның режиссері – таланатты қазақстандық Асхат Баянов.

Қазақстандықтардың спорттағы жетістіктері еліміздің тарихына алтын әріптермен жазылды. Олар шабыттандырады, қуат береді және мыңдаған отандастарымыздың мақтанышына себеп болады. Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтетін күні біз спортшыларымызға біз әрдайым қолдайтынымызды, жанкүйерлердің маңызды жарысқта мәре сызығында дайын тұрған спортшылардың әрдайым жанынан табылатынын жеткізгіміз келеді, - деді Ұлттық Олимпиадалық комитеті.

Музыкалық туынды мен бейнебаян қазақстандық спорттың даңқын одан әрі асырып, Токио Олимпиадасынан тыс кездерде де қолданылады. Бұл ел спортының өткені мен бүгіні және үмітке толы болашағына қатысты туынды.



Өзгелердің жаңалығы