Алматыдағы кейбір ғимараттарда 20 күнге дейін ыстық су болмайды

23 Шілде 2021, 10:18
2388
Бөлісу:
Алматыдағы кейбір ғимараттарда 20 күнге дейін ыстық су болмайды

Алматы, BAQ.KZ. Жетісу ауданындағы ғимараттардың бір бөлігінде ыстық су өшірілетін болды. Бұл туралы «Алматы жыл жүйесі» ЖШС-і хабарлады.

Шілденің 26-сы мен тамыздың 18 аралығында жылыту қазандығындағы жөндеу жұмыстарға байланысты Жетісу ауданында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де нысандарға ыстық су беру тоқтайды. Су болмайтын аумақ мына көшелер аумағында: Первомайская нефтебаза – Геологов көшесі және «Көкжиек» шағын ауданында,-делінген хабарламада.

Мекеме тұрғындарды уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауға шақырады.

Өзгелердің жаңалығы