Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты.
Алматы облысының бас мемлекеттік санитария дәрігерінің 2021 жылғы 23 шілдедегі №16 Қаулысымен ҚР мен Алматы облысындағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты 2021 жылғы 26 шілдеден бастап мынадай шектеу шаралары енгізілді:
1) Ashyq жобасына қатысқанына қарамастан, сенбі және жексенбі күндері қызметке тыйым салу:
- қоғамдық көлікке;
- Сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілерінің жұмысшыларына;
- спорт объектілеріне (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары);
- қоғамдық тамақтану объектілеріне, фудкорттарға (тамақ жеткізуге рұқсат етіледі);
- фитнес-орталықтар, фитнес-клубтар, йога-орталықтар, спорттық-сауықтыру нысандары, сауналар, моншалар, СПА-орталықтар, бассейндерге;
- кинотеатрлар, театрлар, концерт залдары, филармония, цирктерге;
- ауданы 1000 м2-ден асатын азық-түлік емес тауарларды, ашық және жабық базарларды сату бойынша объектілерге;
- компьютерлік клубтар, боулинг, бильярд, караоке, түнгі клубтарға;
- білім беру орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған үйірмелердің, балалар даму орталықтарының, балалар ойын-сауық орталықтарының қызметтеріне;
- банктер, ХҚКО, Қазпошта бөлімшелеріне;
- діни нысандарға.
2) жұмыс күндері қызметті шектеу:
- Ashyq жобасына қатысатын қоғамдық тамақтану объектілері, фудкорт сағат 20.00-ге дейін, Ashyq жобасына қатыспайтындарға сағат 17.00-ге дейін;
- Ashyq жобасына қатысатын фитнес-орталықтар, фитнес-клубтар, йога-орталықтар, спорттық-сауықтыру объектілері, сауналар, СПА-орталықтар, спорт объектілері, бассейндер сағат 20.00-ге дейін, Ashyq-қа қатыспайтындарда сағат 17.00-ге дейін;
3) Ashyq жобасына қатысуына қарамастан ашық және жабық жағажайлар, аквапарктер мен аттракциондардың қызметін тоқтата тұру.
Еске салсақ, Алматы облысында бір тәулікте 230 адамнан коронавирус індеті анықталған.
Оқи отырыңыз: