Цойдың отставкаға кетуі мүмкін бе?

23 Шілде 2021, 17:57
1461
Бөлісу:
Цойдың отставкаға кетуі мүмкін бе?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» алаңында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой отставкаға кетуі туралы қойылған сұраққа жауап берді.

Денсаулық сақтау министрлігі соңғы кездері жиі сынға ұшырап жүр. Сіздің де министр ретінде жауапкершілік арқалайтыныңыз анық. Мұндай жағдайлар қайталана берсе, өз еркіңізбен отставкаға кетуге дайынсыз ба? – деп журналист министрге сауал жолдады.

Министр сауалға былай деп жауап берді.

Қазір Денсаулық сақтау министрлігі алдында өте көп мәселе тұр. Пандемия барлығына әсерін тигізіп келеді. Министрліктің барлық күші дәл осы коронавирус инфекциясымен күреске жұмылдырылған. Барлық қызметкеріміз күні-түні жұмыс істеп жатыр. Егер ел басшылығы басқа мамандарды тартқысы келсе, онда біз әрдайым дайынбыз, - деді ол брифингте.

Цой дәл қазір басқа мәселелерге уақыт жоқ екенін жеткізді. Айтуынша, министрлік қазақстандықтарды құтқарумен айналысып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы