Токио-2020: Олимпиадада бокс бәсекесін ашық және әділ өткізуге тырысамыз – ХОК

23 Шілде 2021, 11:47
3258
Бөлісу:
Токио-2020: Олимпиадада бокс бәсекесін ашық және әділ өткізуге тырысамыз – ХОК

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токио Олимпиадасындағы бокс бәсекесі мейілінше ашық және әділ өтуі тиіс. Халықаралық Олимпиада комитеті комиссиясының басшысы Ленни Эбби осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Біз үшін барлығы ашық және әділ болғаны маңызды. Сондықтан біз көптеген жұмыс атқардық. Барлығы жоғары деңгейде өту үшін қосымша процедуралар өткіздік, - деді ол.

Айта кетейік, 2018 жылдың 30 қарашасында ХОК Олимпиададағы бокс бәсекесін уақытша тоқтатып қойды.

Кейін ХОК боксты Олимпиадада қалдыру туралы шешім қабылдады, алайда АІВА ХОК талаптарын орындамағы үшін уақытша шеттетілді.

Өзгелердің жаңалығы