Ashyq: Елордада ереже бұзған сауда үйлері 2 айға дейін жобадан шығарылады

23 Шілде 2021, 15:30
3336
Бөлісу:
Ashyq: Елордада ереже бұзған сауда үйлері 2 айға дейін жобадан шығарылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордалық СОСО мен сауда үйлері қалада толықтай локдаун енгізуді болдырмас үшін Ashyq жобасы аясында жұмыс істеуге дайын. Алайда қосымшаны дұрыс пайдаланбаса, жобадан шеттетілетін болады. Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Алмат Жүнісов осылай деп хабарлады.

Сондай-ақ сауда орындарына келушіде немесе қатысушыда чек-ин (тіркеуден өту) болмаған жағдайда да жобадан шығарылады. Бастапқыда 2 аптаға, ал ереже бұзушылық қайталанса, 2 ай мерзімге дейін жобаны қолдануға тыйым салынады. Asyq жобасынан шығарылу нысандардың жұмыс уақытын айтарлықтай қысқартады.

СОСО мен сауда үйлері коронавирус инфекциясының таралу қаупі жоғары болатын адамдар көп жиналатын орын екендігін бәріміз түсінеміз. Осыған байланысты қызметтің осы түрін қаланың өмір сүру деңгейін сақтап қалу мақсатында қауіпсіз жұмыс істеуі үшін жобаға қосу қажет деп есептейміз, - деді Алмат Жүнісов. 

Ashyq қосымшасының көмегімен күн сайын үй карантинін бұзған 200-ге дейін адам анықталатын көрінеді. Өкінішке қарай, ауырып тұрғандарына қарамастан, адамдар көп шоғырланған жерлерге баратын жандар кездеседі. Бұл – басқалардың денсаулығына да қауіп төндіру деген сөз. Кәсіпкерлер палатасының өкілі ШОБ субъектілерінің жұмыс кестесі мен режиміне қосымша өзгерістер енгізу ұсынылғанын алға тартты.

Өзгелердің жаңалығы