Карантин. Елордада демалыс күндері автобус жүрмейді

23 Шілде 2021, 12:21
2984
Бөлісу:
Карантин. Елордада демалыс күндері автобус жүрмейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, сенбі және жексенбі күндері елордада қоғамдық көлік тоқтатылады.

Сенбі және жексенбі, 24-25 шілде күндері қалалық және қала маңына қатынайтын бағдарлар жүрмейді. Дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. Бетперде тағу режимін сақтауды сұраймыз. Автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды, - делінген хабарламада. 

Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді: көліктік карта көмегімен немесе QR-код сканерлеу арқылы.

Өзгелердің жаңалығы