Алматыда әскери институттың курсанты жараланды

23 Шілде 2021, 15:38
2082
Бөлісу:
Алматыда әскери институттың курсанты жараланды

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда Құрлық әскерлерінің әскери институты курсанты оқу-жаттығу кезінде жарақат алды. Бұл туралы inalmaty.kz хабарлады.


Қорғаныс министрлігі бұл жағдайға байланысты былайша түсініктеме берді:


2021 жылғы 20 шілде күні Құрлық әскерлерінің әскери институтындағы оқу-жаттығу кезінде курсант диверсияға қарсы қауіпсіздік ережесін бұзды. Қарумен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шарасы бұзылып, абайсызда автоматтан оқ атылды. Оқ сол жердегі курсанттардың бірінің аяғын зақымдады, - деді ведомстводағылар.

Зардап шеккен курсант Алматы қаласындағы Әскери клиникалық аурханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілген. Курсанттың денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Қазір осы дерек бойынша тексеру жүріп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы