Алматыда «қызыл мәртебесі» бола тұра қоғамдық орынға барғандардың есімдері жарияланды
Алматыда «қызыл мәртебесі» бола тұра қоғамдық орынға барғандардың есімдері жарияланды
<p>
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда ПТР тесті оң болып шыққан азаматтар қоғамдық орынға барып, «ASHYQ» арқылы жұмыс істейтін ХҚКО, мейрамхана, фитнес-орталық, әуежай және басқада орындарға барғаны анықталды.
</p>
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда ПТР тесті оң болып шыққан азаматтар қоғамдық орынға барып, «ASHYQ» арқылы жұмыс істейтін ХҚКО, мейрамхана, фитнес-орталық, әуежай және басқа да орындарға барғаны анықталды.
Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өзін-өзі оқшаулау режимін бұзған 82 адамға 30 АЕК көлемінде айыппұл салғанын мәлімдеп, ол азаматтардың есімдерін жариялады.
Бұл азаматтар «қызыл статусына» байланысты «ASHYQ» жобасымен жұмыс істейтін қоғамдық орындарға жіберілмеді. Өзін оқшаулау режимін бұзған азаматтар банк, ЖОО, сауда орындары, мейрамхана, білім беру мекемесі, байланыс, зейнетақы қоры және басқа да мекемеде жұмыс істейтіндер, - делдінген хабарламада.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті амбулаторлық ем қабылдап жатқан азаматтарды өзін оқшаулау режимін бұзбай, қоғам алдындағы жауапкершілікті ұмытпауға үндеді. Сондай-ақ коронавируспен ауырған адаммен байланыста болғандарды да адам көп жиналатын жерге бармай тұра тұруға шақырып отыр.
Алматыда «қызыл мәртебесі» бар карантин шараларын бұзған азаматтардың тізімі: