Цой карантинді бұзушылардың есімдері жариялануына түсініктеме берді

23 Шілде 2021, 17:47
2263
Бөлісу:
Цой карантинді бұзушылардың есімдері жариялануына түсініктеме берді
Фото: ОКҚ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» алаңында «ҚР ағымдағы эпидемиологиялық жағдай» тақырыбында брифинг өтті.

Цой Алматыда «қызыл мәртебесі» бола тұра қоғамдық орынға барғандардың есімдері жарияланғанға қатысты түсініктеме берді.

Министр ВАК заңгерлермен кеңесіп, мамандардың тұжырымдамаларын бар екенін айтты.

Коронавирус - бұл басқаларға қауіп төндіретін ауру. COVID-19 науқастарына карантинді сақтау керек екендігі туралы қолхат беріледі. Қолхатта дербес деректерді өңдеуге келісім қарастырылған. Сәйкесінше үйде отыруға тиісті байланыста болған адамдардың немесе вирус жұқтырғандардың есімдері ғана жарияланады. Оларға қолхатпен хабар берілген, - деді министр.

Цой карантинді бұзушылардың есімдері жариялануына түсініктеме берді

Цой атап өткендей, Конституцияда азаматтардың денсаулық сақтау құқығы бар. 

Бұл ұжымдық қауіпсіздік үшін жасалып жатыр. Сондай-ақ бұл халыққа қауіп төндіретін, азаматтарды жұқтыруы мүмкін адамдар үшін жасалады. Егер азаматтар ауруханадан тыс жерде емделсе, онда олар үйде болуы керек, - деп толықтырды Алексей Цой брифингте.

Еске сала кетейік, бүгін Алматыда «қызыл мәртебесі» бола тұра қоғамдық орынға барғандардың есімдері жарияланған болатын.

Өзгелердің жаңалығы