Все новости за 4 наурыз 2021
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Елордада «Көктем-2021» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 4-5 наурызда су тасқыны кезеңіне дайындық аясында Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ департаменті «Көктем-2021» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларын өткізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Аңшылық ережесін бұзғандар қалай жазаланады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 наурыз бен 15 мамыр аралығында Қазақстанда көктемгі аң аулау кезеңі ашық болады. Бұл ретте көктемде тиісті аңшылық шаруашылығы субъектісінің қорықшысының міндетті қатысуымен қоңыр аюды, үйректі, қара торғайды және тізімге сәйкес басқа да жануарларды аулауға рұқсат етіледі.
-
Маңғыстауда жұма намазына рұқсат берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Облыстық дін басқармасының басшысы Мақсатбек Маханбетов мәлім етті.
-
Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту үшін 17 орталық ашылады – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада «Әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту шаралары мен құралдары» атты республикалық конференция барысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту туралы баяндады.
-
COVID-19 кезінде қандастарымызға көмектескен азаматтар марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді атынан Қазақстан азаматтары Темірлан Закир мен Ольга Жабинаға 2020 жылғы көктемде COVID-19 пандемиясы жағдайында отандастарымызды Отанына қайтару кезінде көрсеткен практикалық көмегі мен патриотизмі үшін алғыс хаттар тапсыру рәсімі өтті.
-
Алматыда COVID-19 инфекциясын балалар қалай өткеріп жатқаны айтылды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы №36 емханасының педиатр-дәрігері Майя Шегебаева COVID-19 инфекциясын балалар қалай өткеріп жатқанын айтты.
-
Елорда волонтерлері қатарына кіру үшін не істеу керек?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астаналық еріктілер елдің дамуына септігін тигізетін түрлі мәдени-бұқаралық, әлеуметтік, экологиялық іс-шаралардың басы-қасында қызмет етіп келеді.
-
Мусин: Шешім бір - айыппұл саламыз!
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Түркістан облысына сапары аясында бірнеше елді мекенде болды. Бұл туралы министр өзі хабарлады.
-
«Jas Otan» белсенділері аналар мен дәрігерлерді құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 8 наурыз қарсаңында жасотандықтар Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 көпбейінді орталық аурухананың акушерлік бөлімнің нәзік жанды қызметкерлері мен аналарын құттықтады.
-
Оразалин Ақтөбе облысының су тасқынына дайындығын тексерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин өңірде азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарының, күштері мен құралдарының көктемгі су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайды жою кезіндегі әрекеттерге дайындығын тексеру мақсатында 4 наурыз күні басталған «Көктем-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулардың барысын бақылады.
-
Қазақстанда орфандық ауруға шалдыққандар саны артқан - дәрігер
Алматы, BAQ.KZ. Диагностиканың жақсаруының арқасында бүгінгі таңда Қазақстанда орфандық (сирек) ауруларға шалдыққан пациенттер санының артуы мен өмір сүру ұзақтығы жоғарлауы байқалып отыр.
-
Түрік компанияларымен ынтымақтастық жалғаса береді - Тоқаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитіне қатысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қазақстан мен Өзбекстан COVID-19 таралуына жол бермеу шараларын талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Ташкент қаласында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған ҚР делегациясы Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Бехзод Мусаевпен кездесу өткізді.
-
Фармацевтика өндіретін шетелдік 30 өндіруші Қазақстанда өз өндірісін ашады — Мамин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысында Қазақстанның фармацевтикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
-
Антикор квазимемлекеттік компаниялармен бірге жемқорлыққа қарсы мәселелерді талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекеттік басқару академиясымен ««Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті ілгерілету бойынша алғашқы оқыту семинарын өткізді. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Дара дауыс. Қазақстандағы контртенор әнші жайлы не білеміз?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде өзінің айрықша өнерімен әлем жұртын тамсандырып жүрген таланттар аз емес. Сондай дарынды өнерпаздың бірі де бірегейі – Батыржан Смақов. Ол еліміздегі жалғыз контртенор опера әншісі. Дарабоз дирижер. Кәсіби композитор. Дара дауыс иесі. Музыка мамандары мұндай дауыс әлемде сирек кездесетінін айтады.
-
Түркістанда жыл басынан бері екінші үшем дүниеге келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы, Төлеби ауданында үшем дүниеге келді, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
-
Карантин: Астанада қызметкерлердің 50%-ы қашықтан жұмыс істеуі тиіс
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бас қалада карантиндік шектеулерге байланысты қызметкерлердің 50 пайызы қашықтан жұмыс істеуі керек.
-
Кеңес тұсында қазақтар араб елдерімен қатынасты жақсартуда маңызды рөл атқарды – дипломат
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы дипломат, тарих ғылымдарының кандидаты Рустем Құрманғожинов қоғам қайраткері Болатхан Тайжанды еске алу кешінде айтты.
-
Алматылық дәрігерлер қаңтарда 1,77 млрд теңге көлемінде үстемақы алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың қаңтар айында Алматы қаласында эпидемияға қарсы күреске жұмылдырылған медицина қызметкерлері 1,77 млрд теңге көлемінде үстемақы алды.
-
Жол жабық. Еліміздің 7 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің жеті өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
-
«Ashyq»: Елордадағы боулинг орталықтары мен бассейндер қалай жұмыс істейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Ashyq» қосымшасы бассейндерде, боулинг орталықтарында және интернет-клубтарда қалай қолданылатыны туралы Нұр-Сұлтанда ұйымдастырылған баспасөз туры кезінде көрсетілді.
-
Тау-кен өнеркәсібінде қандай жаңа мамандықтар сұранысқа ие?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ЖОО-ларға академиялық еркіндік не береді? Уақыт талабына сай білім беру бағдарламасын қалай дайындау керек? Тау-кен өнеркәсібінде қандай жаңа мамандықтар сұранысқа ие? Осы және өзге де сұрақтарға «Рудный индустриялық институты» КЕАҚ басқарма төрағасы, ректор, т.ғ.д., профессор, академик Әбдірахман Найзабеков жауап берді.
-
Түркістанда 46525 анаға бюджеттен мерекеге орай 277 млн теңге бөлінді
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл алда келе жатқан 8 наурыз қыз-келіншектер күні мерекесіне орай Түркістан өңіріндегі 46525 анаға қала мен ауданның қазынасынан 277 млн-нан аса теңгенің біржолғы материалдық көмегі көрсетілетін болады.
-
Биыл тұқым шаруашылығын субсидиялауға 12 млрд теңге бөлу қарастырылған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың негізгі бағыттары және инвестициялық жобалардың іске асырылуы туралы» өткен онлайн брифинг барысында ҚР АШМ Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті директорының орынбасары Назгүл Хатипова айтты.
-
Коронавирус гүлдер арқылы беріле ме?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандықтар Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың видеосын таратуда. Кадрда ол коронавирустың гүлдер арқылы таралатынын, сондықтан 10 наурызға дейін гүлдерге жақындауға, оларды сатып алуға және иіскеуге тыйым салынады деп айтқан.
-
«Түйе сұрасаң, бие береді». Аналар капиталына 4,2 млн теңге бөлу дұрыс көтерілген мәселе – экономист
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Кеше Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ерлан Смайылов Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдап, ана капиталын енгізуді ұсынған болатын.
-
Ауылшаруашылық өнім көлемі 6,3 трлн теңге болды. Бұл – ЕАЭО-дағы ең жоғары өсім
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың негізгі бағыттары және инвестициялық жобалардың іске асырылуы туралы» өткен онлайн брифинг барысында ҚР АШМ Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры Сәуле Молдабаева айтты.
-
«Bolashaq» қауымдастығы #BolashaqWomen челленджін бастайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Bolashaq» қауымдастығының атқарушы директоры, ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Лаура Демесінова «Табысты және бақытты қыздың заманауи бейнесі» әйелдер онлайн форумында айтты.
-
Феминист еркектер көбейіп келеді – Ермұхамбетова
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Назарбаев Университеті инженерия мектебінің постдокторанты Әсия Ермұхамбетова «Табысты және бақытты қыздың заманауи бейнесі» әйелдер онлайн форумында айтты.
-
Ақмола шахтасындағы оқыс оқиғадан екі адам зардап шекті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында «Айна - ресурс» ЖШС шахтасында тау-кен опырылып түсті.
-
Гватемалада Пакая жанартауы атқылап жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Гватемалада Пакая жанартауының сейсмикалық белсенділігі артып барады. Одан атқылаған от пен күл 800 метр биіктікке жетіп жатыр.
-
Тәжікстанмен арадағы әуе рейстері қайта ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министр орынбасары Е.Л. Тоғжановтың төрағалығымен өткен Қазақстан аумағында коронавирустың пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 2 наурыздағы шешіміне сәйкес Алматы-Душанбе-Алматы бағытында Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы тұрақты рейстерді қайта ашуға рұқсат етілді.
-
Алматыдағы перзентханада ана өлімі орын алды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқарма басшысының орынбасары Лаура Мырзағали онлайн брифинг барысында бұл жайтты растады.
-
Трансформация кезеңі аяқталды. Ақкенже Әлімжан жеке өміріндегі тәжірибесімен бөлісті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы тележүргізуші, актриса Ақкенже Әлімжан «Табысты және бақытты қыздың заманауи бейнесі» әйелдер онлайн форумында айтты.
-
Павлодар облысында офтальмологиялық көмек деңгейі артады
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде офтальмологиялық қызмет деңгейі айтарлықтай артады. Облыс орталығында көз ауруларын емдеу мен диагностикалауға арналған заманауи мекеме ашылды. Енді павлодарлықтар Нұр-Сұлтан немесе Алматы қалаларына бармай-ақ, сапалы қызметке жүгіне алады.
-
Әйелдің қоғам мен отбасындағы рөлі ұшан-теңіз – Демесінова
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Bolashaq» қауымдастығының атқарушы директоры, ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Лаура Демесінова «Табысты және бақытты қыздың заманауи бейнесі» әйелдер онлайн форумында айтты.
-
Кірме терминдерді жазудағы ұстанымдар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзге елдер тәжірибесіндегі тәрізді жетілдірілген әліпби де сөзжасамдағы барлық прициптерге (фонетикалық, фонематикалық, морфологиялық, түпнұсқа, дәстүрлі, «бір дыбыс – бір әріп принципі», цитаталық принцип, т.б.), тілдік бірліктерді үнемдеу мен үндестік заңына, дыбыстардың тіркесімділігі мен жүйесіне сүйеніп, негізделіп жасалынды, деді Тіл білімі институты Терминология бөлімінің ғылыми қызметкері Нұрлан Шүленбаев.
-
«Уақыт өтуде!»: Елордада туберкулезбен күрес айлығы жалғасып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада 2021 жылдың 24 ақпанынан 24 наурызына дейін «Уақыт өтіп жатыр!» ұранымен туберкулезге қарсы күрес пен оның алдын-алуға қатысты айлық жалғасып жатыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында «COVID-19 кезінде туберкулез індеті бойынша елордадағы жағдай» тақырыбында онлайн брифинг барысында белгілі болды.
-
Вакцинациялаудың екінші кезеңі бойынша Алматыға 10 мыңнан астам екпе дозасы жеткізілді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқарма басшысының орынбасары Лаура Мырзағали онлайн брифинг барысында айтты.
-
Елордада туберкулез ауруы бес есе азайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы он жылда Нұр-Сұлтанда, 100 мың адам санына есептегенде, туберкулез ауруы мен туберкулезден болатын өлім-жітім 5 есеге азайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында «COVID-19 кезінде туберкулез індеті бойынша елордадағы жағдай» тақырыбында онлайн брифинг барысында қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әлия Рүстемова мәлімдеді.
-
Шабуылды кім жасағанын анықтап, нақты шешім қабылдаймыз – Байден
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Джо Байден Ирактағы америкалық әскери базаға кімнің шабуыл жасағанын анықтап жатқанын мәлімдеді, деп хабарлады «Хабар 24».
-
Ескі кірме сөздердің латынграфикалы қазақ әліпбиімен жазылуы қандай болады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Тарихи лексика – мемлекетқұраушы ұлттың, мемлекеттік тілдің бастан өткерген тарихының бейнесі іспеттес. Белгілі бір ұлт пен ұлыстың өмір салтына қажетті әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері және оларды атаушы сөздері ерекше маңызды орын алады. Оның басты себебі де белгілі. Ұлттың өзіндік бет-бейнесін сақтаушы, ұлтты ұлт ретінде сақтаушы, оны жойылып кетуден қорғаушы институттар – осы әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер. Тілдің тарихи негіздері берік болған жағдайда оның болашақтағы даму жолы да жарқын болмақ деді профессор Мырзаберген Малбақов.
-
Депутат: Ұлттық санақ – кезекті бір науқаншылдық болмауы керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әріптесім Айдос Сарыммен Үкімет жетекшісі Асқар Мамин мырзаға алдағы Халық санағына байланысты арнайы сауал жолдадық. Фракция хаттамасына сәйкес бүгінгі "Ана тілі" басылымында жарияланды, деп жазды Facebook-тегі парақшасында Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан.
-
Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министр Асқар Мамин «Шеврон» (Chevron) компаниясының Еуразия-Тынық мұхиты өңіріндегі барлау және өндіру жөніндегі президенті Найджел Хирнмен мұнай өндіру саласындағы өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады.
-
Павлодар облысында наурыз айында үш мыңға жуық адамға екпе салынады
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңіріне COVID-19 инфекциясына қарсы 80 мың екпе бөлінген. Қазіргі уақытта медицина және білім беру салаларының қызметкерлеріне екпе ерікті түрде салынып жатыр.
-
Алматыда дипломат Болатхан Тайжанды еске алу кеші өтті
Алматы, BAQ. KZ тілшісі. Алматыда дипломат, арабист, мемлекет және қоғам қайраткері Болатхан Тайжанның 80 жылдығына арналған еске алу жиыны өтті.
-
Ілеспе жүкқұжаттар айналымын электронды бақылау тізбегі қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тауарларға ілеспе жүкқұжаттардың тауар айналымын электронды бақылау тізбегіндегі маңызы қандай, ал салық төлеушілердің нені білуі керек, осы туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті айтып берді.
-
Жайдарбек Күнғожин: Әлемде Қазақстан каскадерлеріне сұраныс жоғары
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздің каскадерлері әлем бойынша ең үздіктер қатарында. Жақында Nomad Stunts командасы Томирис фильміндегі трюктері үшін Дүниежүзілік каскадерлер академиясының (АҚШ) Taurus сыйлығын жеңіп алғаны белгілі.
-
Әлеуметтік кәсіпкерлік «ерекше» адамдар үшін жұмыс орындарын құруға көмектеседі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлік бірте-бірте қарқын алып келеді. Бүгінде мұндай жобалар ірі қалаларда ғана емес, өңірлерде де жүзеге асырылуда.
-
Нығматулин: Партияаралық Кеңестің ұсыныстары заң шығару барысында ескеріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Мәжілісте Қазақстанда тіркелген партия өкілдерінің кездесуі өтіп, отырыс барысында Палата төрағасы Нұрлан Нығматулин Мәжіліс жанынан партияаралық Кеңес құруды ұсынды.
-
Серікзат Дүйсенғазы: Семейдегі заң университетіне Әлихан Бөкейхан есімі берілсе
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семейде контингенті жағынан ең үлкен бір университет бар. Жеті мыңнан аса студенті бар ондай оқу орны кейбір облыс орталықтарында жоқ. Ғимараттары да заман талабына сай жаңарған білім ордасы. Қайбір жылы барғанымызда сол университетте «Алаш» орталығы жұмыс істеп тұрғанын көргенмін. Ол Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті. Егер құрылтайшылары қолдаса сол университетті Әлихан бабамыздың атына берсе деген ұсынысым бар.
-
Күрделі жағдайды бастан кешуде. Сенатор ауыл шаруашылығындағы проблеманың бірін айтты
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Еліміздің ара және марал шаруашылықтары күрделі жағдайды бастан кешуде. Бүгін сенатор Дүйсенғазы Мусин Премьер-министрдің атына осындай депутаттақ сауал жолдады.
-
Депутат Наурыз мерекесінде сырттан келген қандастарды қуантуды ұсынды
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сенаттың жалпы отырысында депутат Алтынбек Нухұлы Наурыз мерекесін тойлау күндерінде елге оралған қандастардың отбасылары мен басқа этнос өкілдеріне қазақстандық паспортты салтанатты тапсыру рәсімін дәстүрге айналдыруды ұсынды.
-
Әйелдердің басым бөлігі қандай кәсіпті таңдайды?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҰЭМ-нің кәсіпкерлікті дамыту департаментінің басшысы Еркеғали Әлімқұлов «Әйелдер кәсіпкерлігі жаңа жағдайда: сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктер» атты конференцияда айтты.
-
Ғалымдардың әлеуметтік жағдайын жақсартатын заң қабылданды
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сенатта «Кейбір заңнамалық актілерге ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда қабылданды.
-
Әйелдер әлеуметтік бастамалардың көшбасшысына айналып келеді – Сүлейменов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Жасыл» экономика және G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ атқарушы директоры Асхат Сүлейменов «Әйелдер кәсіпкерлігі жаңа жағдайда: сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктер» атты конференцияда айтты.
-
Қайтыс болған полиция қызметкерлерінің отбасыларына тұрғын үй төлемдері төленеді
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан немесе жарақат алған полиция қызметкерлерінің отбасылары тұрғын үй жәрдемақысын ала береді. Сенаторлар бүгін заң жобасына түзетулер енгізіп, оны Мәжіліске қайтарды.
-
Қаржы министрлігі ақжолдықтардың сауалына жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Кеше Мәжілістің жалпы отырысында «Ақ жол» фракциясының депутаттары Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевқа депутаттық сауал жолдады. Министрлік депутат Мақсат Раманқұловтың сауалына жауап берді.
-
Жайымбетов ҚР ИИДМ Құрылыс комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметінің қаулысымен Мархабат Жайымбетұлы Жайымбетов берген өтінішіне сәйкес Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы қызметінен босатылды.
-
Қаржы министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Абзал Бейсенбекұлы Қаржы министрлігінің аппарат басшысы болып тағайындалды.
-
Еңбек нарығында әйелдер қысқартуға көбірек ұшырайды - Сарбасов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бірінші орынбасары Ақмәди Сарбасов «Әйелдер кәсіпкерлігі жаңа жағдайда: сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктер» атты жыл сайынғы республикалық конференциясында айтты.
-
Биыл Қостанай қаласында 37 көше жөнделеді
Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. 2021 жылы Қостанай қаласындада 37 көше жөнделеді. Жалпы ұзындығы – шамамен 19 шақырым. Жөндеу жұмыстарына жергілікті қазынадан 1,4 млрд теңге қарастырылып отыр.
-
Енді мұғалімдерді жұмысқа директорлар қабылдамайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.
-
Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігінің жаһандық рейтингінде позициясын жақсартты
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. Қазақстан 2020 жылдың қорытындысы бойынша азық-түлік қауіпсіздігі деңгейі бойынша 113 орынның ішінен 32-орынды иеленді, осылайша 2019 жылмен салыстырғанда өз позициясын 16 тармаққа жақсартты.
-
Сенатор ащы шындықты айтты. Аурудың бәрі сырттан келіп жатыр
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Аса жұқпалы қауіпті аурулар асыл тұқымды малдармен бірге сырттан келген. Бұл туралы сенатор Ақылбек Күрішбаев айтты.
-
Әйелдер кәсіпкерлігін жаңа жағдайда дамытудың тетіктері талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Әйелдер кәсіпкерлігі жаңа жағдайда: сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктер» атты жыл сайынғы республикалық конференция өтіп жатыр.
-
Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен кетті
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Жоғарғы сотының екі судьясы қызметінен босатылды.
-
Елге 356 жолаушы анықтамасыз келген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 3 наурызда ел аумағына Германия, Ұлыбритания, Корея, БАӘ, Египет, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 20 халықаралық әуе рейсі келді.
-
Forte Challenger 125 турнирі: Үш қазақстандық жұптық сында ширек финалға өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандықтар Александр Недовесов, Григорий Ломакин және Тимофей Скатов жұптық сында елордада өтіп жатқан Forte Challenger 125 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
-
Төлеген Байғұлов қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус инфекциясынан Жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталықтың төрағасы Төлеген Байғұлов қайтыс болды.
-
Еліміздің екі қаласы мен төрт облысы «сары» аймақта
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК еліміздің өңірлеріндегі 4 наурыздағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.
-
Райымқұлова: «Қыз мұнарасы» – ұлттық әдебиетіміздің қоржынына қосылған құнды туынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қыз мұнарасы» – ұлттық әдебиетіміздің қоржынына қосылған құнды туынды. Көңілге сәуле түсіретін кітап. Әсіресе кітаптың алғашқы шығармасы – «Шыбын жан көкке ұшқанда» атты хикаяты өзекті тақырыпты арқау еткен екен, деп жазды Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Facebook-тегі парақшасында.
-
КВИ белгілері бар пневмонияның 46 жағдайы тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сoronavirus2020.kz сайты 4 наурыздағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат жариялады.
-
COVID-19. Коронавирустан 6, пневмониядан 5 адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 4 наурыздағы ақпаратты жариялады.
-
Түркістан облысында 16 заңсыз құрылыс нысаны сүрілген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы аумағында былтыр 16 заңсыз құрылыс нысандары сүрілген. Оның ішінде, 6 нысан сот шешімдерімен, 10 нысан түсіндірме жұмыстары арқылы меншік иелерінің өз еркімен бұзылған.
-
Калифорнияда мектептер қайта ашыла бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың Калифорния штатындағы бірқатар мемлекеттік мектеп қайта ашыла бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».
-
Өткен тәулікте 874 адам коронавирустан емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде өткен тәулікте 874 адам коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Елімізде өткен тәулікте 804 адам вирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 804 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлайды.
-
Теміртауда жеке сектордың 1 100 үйі орталық сумен қамтамасыз етіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теміртауда биыл жеке сектор мен әлеуметтік қала тұрғындарын сумен қамтамасыз ету мәселесі шешіледі. Ал тұрмыстық ағынды суларды бұру мәселесі келесі кезекте шешіледі деп уәде берілді.
-
Теңіз жағалауынан жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірнеше күн бұрын Ақтау қаласында 2002 жылы туған қыздың жоғалғаны туралы ақпарат тараған, деп хабарлайды инАктаупорталы.
-
Қылмыстық топ заңсыз жолмен Ресейден көлік тасып келген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті облыстық прокуратурамен бірлесіп, жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге тыйым салынған автокөліктердің экономикалық контрабандасын жүзеге асырған трансұлттық қылмыстық топты әшкереледі.
-
Түркістан облысында 1-5 сынып оқушылары аралас форматта оқи бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы аумағында санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруы мен тұрақтануына байланысты 1 наурыздан бастап жалпы білім беретін мектептердің 1-5 сынып және халықаралық мектептердің 1-7 сынып білім алушыларын аралас форматта оқытуға рұқсат етілді. Яғни, пәндердің 70%-ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтықтан оқытылады. Бұл туралы облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаев мәлімдеді.
-
900-ге жуық шағын бизнеске микрокредит беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында шағын және орта бизнесті қаржыландыру үшін бюджеттен 6 млрд теңге қаржы қарастырылған. Мәселен, «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында 2,6 млрд теңге бөлінген. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
-
БҚО-да боранға байланысты көлік қозғалысы шектелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында боранға байланысты республикалық жолда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ БҚО филиалы.
-
Ақмолалық алаяқ 20-ға жуық адамға 70 млн теңгеден астам шығын келтірген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола полицейлері интернет-ресурстардың көмегімен пирамида ұйымдастырған алаяқты анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Триатлоннан Қазақстан командасы Азия чемпионатына дайындалуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Триатлоннан Қазақстан командасы Қырғызстанның Шолпан-ата аймағында жаттығу жиынын бастады, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметінен.
-
Шымкентте жыл басынан бері 29 өрт жағдайы тіркелген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өрт жағдайының басым бөлігі жеке тұрғын үйлер мен автокөліктерде орын алған. Атап айтқанда, тіркелген өрттердің 13-і тұрғын үйде, 13-і автокөліктерде, 3 жағдай газ балондарды пайдалану кезінде орын алған.
Наверх