Ғалымдардың әлеуметтік жағдайын жақсартатын заң қабылданды

4 Наурыз 2021, 12:14
2369
Бөлісу:
Ғалымдардың әлеуметтік жағдайын жақсартатын заң қабылданды

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сенатта «Кейбір заңнамалық актілерге ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда қабылданды.

Заң жобасының мақсаты – ғылыми және ғылыми-техникалық саланы жетілдіру, оның нәтижелерін коммерцияландыру. Соған сәйкес енгізілген жаңа нормалар ғылыми зерттеулердің кең шоғырын республикалық бюджеттен қаржыландыруға мүмкіндік береді. 

Ғылым саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға арналған қосымша құқықтық негіздер қалыптастырады. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың және барлық ғылыми-зерттеу жұмысын қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар ұлттық ғылыми кеңестер мен ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының құзіреттері нақтыланады, – деді  Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Оның айтуынша, ғылым мен техниканы дамытуға үлес қосқан ғалымдарды әлеуметтік қолдау мен көтермелеу де көзделіп отыр.

Осы мақсатпен жыл сайынғы «Үздік ғылыми қызметкер» сыйлығын беру қарастырылған. Жалпы, бұл заң елімізде ғылым саласын дамытуға өзінің үлесін қосады деп сенеміз. Сондай-ақ, заңда мемлекеттік білім беру мекемелерінің бірінші басшыларының ротациясы қарастырылған. Ол Білім және ғылым министрлігі белгілеген тәртіппен жүргізіледі, – деді Мәулен Әшімбаев.
Өзгелердің жаңалығы