Жол жабық. Еліміздің 7 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

4 Наурыз 2021, 18:21
2764
Бөлісу:
Жол жабық. Еліміздің 7 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің жеті өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ және «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ деректері бойынша ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ, қар аралас жаңбыр, жаяу бұрқасын, шектеулі көріну) еліміздің жеті өңірінде Нұр-Сұлтан қаласындағы, Ақмола, Алматы, Шығыс-Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда қозғалыс жабылды, - деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Сонымен қатар «Қазгидромет» РМК деректері бойынша алдағы күндері еліміздің барлық өңірінде Нұр-Сұлтан, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс-Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының кей жерінде көктайғақ, бұрқасын, қар, тұман, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. 

Азаматтарды ауа райының өзгерістерін бақылауға шақырамыз. Дауылды ескерту туралы хабарламаларды тыңдап, қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар.

Қыс маусымында көлікпен алыс жолдарға шықпас бұрын, ауа райы болжамын міндетті түрде зерделеген жөн. 

Егер қатты боран, бұрқасын болса, жол кептелісінде ұзақ тұрып қалуыңыз мүмкін. Тіпті жол-көлік оқиғасына да тап болуыңыз ықтимал. Егер қандай да бір елді мекенге шұғыл баруыңыз керек болса, діттеген жеріңізге кедергісіз жету үшін теміржол көлігін пайдалануға кеңес береміз, - делінген хабарламада.

Төменде келтірілген қарапайым ұсынымдарды орындасаңыз, боран болған кезде және бораннан кейін аман қалуға көп септігін тигізеді.

Қыста жолға шығар алдында:

1. Мұқият ауа райы болжамын зерделеңіз;

2. Қозғалыс үшін қандай жолдар жабылуы мүмкін екенін анықтаңыз. Ақпаратты «Қазавтожол» ҰК сайтында толығымен жабық учаскелердің картасын көруге болады. Не болмаса бірыңғай телефон нөмірі 1403 немесе құтқару қызметінің «112» телефон нөмірі, сондай-ақ «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы нақтылауға болады.  

«112» қызметінен ресми дауылды ескерту алған жағдайда елді мекендерден және жолға шығудан бас тарта тұру қажет. 

Автомобильдерді лектік ілесіп жүруге шешім қабылдаған жағдайда:

- жол қозғалысы ережелерін сақтаңыз;

- ілесіп жүретін шұғыл қызмет белгілеген жылдамдық режимін сақтаңыз;

- өткізу пунктінен шыққан автомобильдің артынан ілесіңіз және оны басып озбаңыз;

- алдында келе жатқан автомобильдің арасындағы қашықтықты сақтаңыз;

- алдағы автомобильдерді басып озуға болмайды;

- айналаңыздағы қозғалысқа үлкен мән беріңіз.

Өзгелердің жаңалығы