Трансформация кезеңі аяқталды. Ақкенже Әлімжан жеке өміріндегі тәжірибесімен бөлісті

4 Наурыз 2021, 16:02
2183
Бөлісу:
Трансформация кезеңі аяқталды. Ақкенже Әлімжан жеке өміріндегі тәжірибесімен бөлісті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы тележүргізуші, актриса Ақкенже Әлімжан «Табысты және бақытты қыздың заманауи бейнесі» әйелдер онлайн форумында айтты.

Менің сахна мен театрдан, өнерден көрінбей кеткеніме бірнеше жыл болды. Оның себебі, әрине, жанұя құруымда. Мен өз мамандығымды жақсы көремін. Әркез өте белсенді болдым. Алайда бір мезетте менің жеке өміріме көңіл бөлу керегін түсіндім. Балансты түземек болдым. Менің әртүрлі лауазымды қызметте отыруыма мүмкіндік болды. Бірақ мен ішкі қажеттілігімді білдім. Мен мансаптық жолымды жақсы меңгергеніме көзім жетті. Сол кезеңде жеке өмірімдегі жағдайды реттеу керегін түсіндім, - деді ол. 

Ақкенже Әлімжан ішкі трансформациялық жұмыстан кейін кеңістік осындай кездесуге қатысуға мүмкіндік бергенін жеткізді. 

Менің қызметімдегі үзлілістің себебі де отбасым болды. Осы 5 жыл ішінде мен күйеуі бар әйел болуды меңгердім. Бұл дегеніміз мен жеке өмірде бақытты болуды меңгере бастадым. Себебі мансаптық жолда табысты болуға қол жеткізген едім. Жолдасым мені алып кетуге келгенде, Қазақстанда қалсам, тағы да мансаптық жолмен кетіп қалатынымды түсіндім. Сондықтан да қазір мен Норвегияда тұрып жатырмын. Бірақ бүгіннен бастап әлеуметтік өмірге араласамын. Себебі трансформациялық кезең ақталды. Бүгін осы шараға қатысып отырғаныма қуаныштымын, - деді ол. 

Әлімжан атап өткендей, көптеген қыз-келіншекке осындай шаралар керек.

Себебі көп әйел баланс таппай қиналады. Сондықтан осы тақырып аясында талқылағанымыз жақсы деп ойлаймын, - деді Ақкенже Әлімжан.

Өзгелердің жаңалығы