Әйелдің қоғам мен отбасындағы рөлі ұшан-теңіз – Демесінова

4 Наурыз 2021, 15:50
3240
Бөлісу:
Әйелдің қоғам мен отбасындағы рөлі ұшан-теңіз – Демесінова

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Bolashaq» қауымдастығының атқарушы директоры, ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Лаура Демесінова «Табысты және бақытты қыздың заманауи бейнесі» әйелдер онлайн форумында айтты.

Әйелдің қоғам мен отбасындағы рөлі ұшан-теңіз. Ол ел мен елді елдестіруші, араздықты бітістіруші. Оларды іскер, қаһарман деуге болады. БҰҰ есебіне сәйкес, қоғамда әйелдердің жағдайы мен рөлі экологиялық мәселелерден кейінгі екінші мәселе болып есептеледі. Осы орайда «Bolashaq» қауымдастығы қоғамдағы әйелдердің рөлін нығайтуға атсалысып келеді, - деді Демесінова. 

Лаура Демесінова  өткен жылдың 8-наурызынан бастап жұмыс істеп келе жатқан «Bolashaq women» клубы аясында «Women's mentorship program» жобасы елдің барлық өңірлеріндегі қыздарға өзін табу бойынша қолдау көрсеткенін айтты. 

Қыздарға кәсіби және тұлғалық жолын табу бойынша көмек көрсетілді. Жобаны жүзеге асырудың 3 айы ішінде 50-ден астам кездесу өткізді. Жеке тұлғалық өсу бойынша тренингтер ұйымдастырылды. Биыл қауымдастық «Bolashaq women» аясында жұмыстарды жалғастыруды жоспарлап отыр. Өткен жылы пандемия барығымызға әсер етіп, көп кездесулер онлайн ұйымдастырылды, - деді ол.
Оның айтуынша, «Табысты және бақытты қыздың заманауи бейнесі» әйелдерге арналған  форум «Bolashaq women» жобасын жүзеге асыруға септігін тигізеді. 


Өзгелердің жаңалығы