Аңшылық ережесін бұзғандар қалай жазаланады

4 Наурыз 2021, 23:00
2699
Бөлісу:
Аңшылық ережесін бұзғандар қалай жазаланады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 наурыз бен 15 мамыр аралығында Қазақстанда көктемгі аң аулау кезеңі ашық болады. Бұл ретте көктемде тиісті аңшылық шаруашылығы субъектісінің қорықшысының міндетті қатысуымен қоңыр аюды, үйректі, қара торғайды және тізімге сәйкес басқа да жануарларды аулауға рұқсат етіледі.

Айта кетейік, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. бұйрығымен бекітілген аң аулау қағидаларының 19-тармағы негізінде аң аулау маусымының басталуы туралы бұйрық шығарады.

Көктемгі аң аулау ережелеріне сәйкес, үйректерді аулауға тек аңшыда еліктіретін үйрек немесе тұлып болған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Ал әуесқойлық (спорттық) аң аулау бекітілген аңшылық алқаптарда ғана рұқсат етіледі. Сондай-ақ, бұл бекітілген аңшылық алқаптарға бару құқығына жолдаманың болуын талап етеді. Егер жануарлар дүниесін пайдалану талаптары мен аң аулау қағидалары бұзылған жағдайда, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 382-бабына сәйкес жеке тұлғаларға 70 АЕК мөлшерінде айыппұл салу не әкімшілік құқық бұзушылық заттары мен құралдары тәркіленіп, екі жылға дейінгі мерзімге аң аулау құқығынан айыру түріндегі ең жоғарғы жаза көзделген - делінген ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы