Еңбек нарығында әйелдер қысқартуға көбірек ұшырайды - Сарбасов

4 Наурыз 2021, 11:42
1593
Бөлісу:
Еңбек нарығында әйелдер қысқартуға көбірек ұшырайды - Сарбасов
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бірінші орынбасары Ақмәди Сарбасов «Әйелдер кәсіпкерлігі жаңа жағдайда: сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктер» атты жыл сайынғы республикалық конференциясында айтты.

Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау бойынша ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Ауыл әйелдерінің кәсіпкерлік ашу қарқыны артып отыр. Пандемия жағдайында барлық сала сын-қатерге тап болды. Статистиканы алатын болсақ, 2019 жылы әйелдердің жаһандық еңбек нарығындағы үлесі 47 пайызды құрады, еркектердің үлесі 72 пайызды құрады,-деді ол.

Сарбасов айтқандай, мемлекеттік бақылау тәжірибесі көрсеткендей «Еңбек» заңнамасы бойынша қысқартуға көбірек әйелдер ұшырайды.

Сондай-ақ көп әйел сапасы төмен жұмысқа келісіп жатады. Біздегі бар зерттеулерде теңсіздік байқалады. Әйелдер бала тәрбиесі мен үй шаруашылығымен айналысады. Оны да түсіну керек. Статистикалық мәліметтерге қарамастан жағдай өзгеріп келеді. Бұл бір күннің шаруасы емес. Егер 10 жылдық көрсеткішті қарасақ әйелдердің жұмыспен қамтылуы арқан, - деді Сарбасов.
Еңбек нарығында әйелдер қысқартуға көбірек ұшырайды - Сарбасов

Айта кетейік, қатысушылар ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау тетіктерін, республиканың барлық өңірлерінде «Coca-Cola белестері» әлеуметтік жобасымен бірлескен бағдарламаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады.

Еңбек нарығында әйелдер қысқартуға көбірек ұшырайды - Сарбасов
Өзгелердің жаңалығы