Кеңес тұсында қазақтар араб елдерімен қатынасты жақсартуда маңызды рөл атқарды – дипломат

4 Наурыз 2021, 18:45
3462
Бөлісу:
Кеңес тұсында қазақтар араб елдерімен қатынасты жақсартуда маңызды рөл атқарды – дипломат
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы дипломат, тарих ғылымдарының кандидаты Рустем Құрманғожинов қоғам қайраткері Болатхан Тайжанды еске алу кешінде айтты.

Кеңес тұсында қазақтар араб елдерімен қатынасты жақсартуда маңызды рөл атқарды – дипломат

Жиын барысында ол Сыртқы істер министрлігінде дипломат Болатхан Тайжанмен біргі қызметтес болғанын, ол кісі Қазақстанның дипломатиялық қатынастарын жақсартуға елеулі үлес қосқанын атап өтті. 

Кеңес тұсында қазақтар араб елдерімен қатынасты жақсартуда маңызды рөл атқарды – дипломат

Ол кісі Совет үкіметі тұсында да шетелмен дипломатиялық қатынасты жақсартуда көп еңбек сіңірді. Кеңес одағы кезінде араб және қытай бағытындағы дипломатия өте жоғары бағаланатын. Өйткені бұл елдердің тілін үйрену өте қиын еді. Сондықтан 1964 жылдары Болатхан Тайжан Египетте елшілікте жұмыс істеді. Ол Кеңес үкіметі үшін стратегиялық орын болды. Кейін ол кісі Йемендегі елшілікте екі рет жұмыс істеді. Екіншісінде ол жақта азаматтық соғыс жүріп жатқан еді. Көп нәрсені айтпады және айтуға рұқсат та жоқ еді ол кезде. Меніңше, ол кісі сол елдің басшысы мен оппозициялық күштер арасында келіссөз жүргізген болу керек. Өйткені ол кісі үнемі арнайы қызметтің бақылауында еді, - дейді дипломат.

Кеңес тұсында қазақтар араб елдерімен қатынасты жақсартуда маңызды рөл атқарды – дипломат

Оның айтуынша, Болатхан Тайжан көп елде елшілікте жұмыс істегендіктен өмірлік тәжірибесі де мол болған, сол себепті кейін саясатпен айналысыпты. Қазақстанда бейбітшілік пен ынтымақтастық қажет екенін жақсы түсіне білген. 

Сонымен қатар ол қазақтан шыққан дипломаттар Совет тұсында араб елдерімен дипломатиялық қатынасты нығайтуда үлкен еңбек сіңірді. Өйткені біздің дипломаттар Еуропадан гөрі, Араб елдеріндегі аласапыран ортасында көп жүрген. Тіптен Арфрика құрлығында да қызмет еткендер болыпты.

1960 жылдары Йеменде жағдай ауыр болды. Сол кезде қазақ дипломаты Самат Сүндетбаев қаза тапқан еді. Ол кісінің есімі Совет дипломатиясында алтын әріптермен жазылып қалды. Совет үкіметі тұсында әсіресе қазақтар мықты арабист болды. Соның бірі генерал-лейтенант Уатхан Жетпісбаев еді. Ол кісі араб елдерінде барлаушы болып қызмет атқарған. Генерал қайтыс болғанда, сол кездегі арнайы қызметтің өкілі Примаков «бізде мұндай мықты маман бұрын-соңды болмаған, енді болмайды да» деген еді. Өйткені Жетпісбаев таң атысымен Иордания королімен теннис ойнап жанында жүретін, - дейді Құрманғожинов.

Өзгелердің жаңалығы