Карантин: Астанада қызметкерлердің 50%-ы қашықтан жұмыс істеуі тиіс

4 Наурыз 2021, 19:02
1459
Бөлісу:
Карантин: Астанада қызметкерлердің 50%-ы қашықтан жұмыс істеуі тиіс

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бас қалада карантиндік шектеулерге байланысты қызметкерлердің 50 пайызы қашықтан жұмыс істеуі керек.

Ел астанасында карантиндік шектеулерге байланысты қарамағындағы қызметкерлердің жартысы қашықтан жұмыс істеуі тиіс. 

Бұл туралы шектеу және карантиндік шаралары туралы Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері С.Бейсенованың қаулысында көрсетілген, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Енді барлық ұйым мен кәсіпорын қызметкерлерінің кемінде 50% қашықтықтан жұмыс істеуі тиіс. Ал фудкорттардың жұмысы штаттық режимде тек тамақты жеткізуге және шығаруға рұқсат етіледі, - делінген Қаулыда.



Өзгелердің жаңалығы