Теміртауда жеке сектордың 1 100 үйі орталық сумен қамтамасыз етіледі

4 Наурыз 2021, 07:49
1561
Бөлісу:
Теміртауда жеке сектордың 1 100 үйі орталық сумен қамтамасыз етіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теміртауда биыл жеке сектор мен әлеуметтік қала тұрғындарын сумен қамтамасыз ету мәселесі шешіледі. Ал тұрмыстық ағынды суларды бұру мәселесі келесі кезекте шешіледі деп уәде берілді.

Металлургтер қаласының дамуы туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекке Теміртауға жұмыс сапары барысында баяндалды.

Өңір басшысы «АрселорМиттал Теміртау» 2-ЖЭО-ны аралаудан бастады. Ол теміртаулықтардың шағымдары әділ екенін, қаладағы жылу мәселесі жақсартуды талап ететінін атап өтті. Тек осы жылыту кезеңінде ЖЭО-2-де 30 технологиялық істен шығу тіркелді, бұл жалпы алғанда 16 күнге температуралық режимнің бұзылуына алып келді. Олардың барлығы жабдықтың тозуына байланысты.

Жеңіс Қасымбекке қазір бес қазандық жұмыс істеп, алтыншы қазандық резервте жұмыс істеп жатқаны туралы баяндалды.

Өкінішке орай, жыл сайынғы жөндеу жұмыстары кәсіпорынның тұрақсыз жұмысының мәселелерін шешпейді. Жыл сайын шамамен 2,5-3 млрд теңге жұмсайсыздар – бұл аз ақша емес, бірақ ешқандай сенімділік жоқ. Сондықтан түбегейлі шешімдер қабылдау керек, атап айтқанда жетінші қазандық салу керек. Бұл жобаны жүзеге асырмайынша біз жылыту маусымының өтуі кезінде тұрақты болашақты көрмейміз, - деді Жеңіс Қасымбек.
Жетінші қазандық салу мәселесі бойынша «АМТ» бас директоры Бижу Наир облыс басшысына жауап берді.
Жетінші қазандық бойынша жоба инвестициялық келісім бойынша бағдарламаға енгізілді. Құрылысты кешіктірудің негізгі себебі – инвестиция сомасы 42 миллионнан 72 миллион долларға дейін өсті. Бұл ғимарат қазандықты орналастыруға жарамсыз болғандықтан болып отыр. Мен қосымша соманы мақұлдау туралы өтініш бердім. Өз мойныма жауапкершілік алып, жұмыстардың басталуына тапсырма бердім, - деді «АМТ» бас директоры Бижу Наир.

Сондай-ақ, Жеңіс Қасымбек коммуналдық сипаттағы тағы бір мәселе – әлеуметтік қалада шаруашылық нәжіс кәрізін салу мәселесіне алаңдаушылығын айтты.

Теміртау әкімі Қайрат Бегімовтің айтуынша, жобаның құны - 2 млрд теңге. Ақшаның бір бөлігі бөлініп, биыл ауданда су мәселесі шешілетін болады. Су құбыры 1 100 үйге жүргізіледі. Кәріз желілерінің құрылысы мерзімі бойынша келесі жылы аяқталады.


Өзгелердің жаңалығы