Төлеген Байғұлов қайтыс болды

4 Наурыз 2021, 09:57
3281
Бөлісу:
Төлеген Байғұлов қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус инфекциясынан Жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталықтың төрағасы Төлеген Байғұлов қайтыс болды.

Қаралы хабарды СҚО Жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің бірінші орынбасары Нұрлан Жахин жеткізді. 

Иманды болсын! Қайтпас қайсар, патриот, адал жан еді. Бүгін сұмырай COVID-тен қоғам белсендісі, Жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталықтың төрағасы, республикалық «Адалдық алаңы» кеңесінің жетекшісі, досымыз Төлеген Байғұлов бақилық болды! Жаны жәннәтта болсын, - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.
Төлеген Байғұлов құқық қорғау қызметін реформалау процесіне белсенді атсалысқан. Ол жазалау шарасынан алдын алуға көшу керектігін айтқан болатын. Байғұлов азаматтық сектордың өңірлердегі түрлі шараларды шешуге белсенді қатысуы қажеттігіне назар аударған еді.
Өзгелердің жаңалығы