Елордада «Көктем-2021» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтуде

4 Наурыз 2021, 23:47
1481
Бөлісу:
Елордада «Көктем-2021» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 4-5 наурызда су тасқыны кезеңіне дайындық аясында Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ департаменті «Көктем-2021» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларын өткізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Оқу-жаттығудың негізгі оқу орны болып үйілме бөгеттерді нығайту, қар шығару, нөсер кәріздерін тазалау, іздестіру жұмыстарын жүргізу, эвакуациялау және медициналық көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізілетін 4 аудан бекітілді. Сонымен қатар оқу-жаттығу аясында барлық 29 су тасқыны қаупі бар учаске қамтылып, қойылған міндеттерді орындауды үйлестіру үшін қаланың 4 ауданында шағын штабтар ашылды.    

Елордада «Көктем-2021» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтуде  

Тәжірибелік іс -қимылдың негізгі 4 орнында (Ильинка-2 т.м. Секторы, «Шебснаб» саяжай алабы, Агроқалашық және Лесозавод т.м.) үйілме қорғаныш бөгетін салу, топырақ толы қаптар салу, қар шығару, зардап шеккендер үшін жылыту және тамақтандыру пункттері, су тасқыны қаупі кезінде халықты эвакуациялау және хабардар ету, электроэнергетикалық желілердегі электр беру желілерінің үзілуін жою, сондай-ақ су шайып кеткен автокөлік жолында қалған жолаушыларды автобуспен эвакуациялау бойынша су тасқынына қарсы іс-шаралар пысықталатын болады. Барлық арнайы-тактикалық оқу-жаттығулар нақты жағдайларға барынша жақын және тәжірибелік жағынан пайдалы болмақ.

Су тасқыны салдарын жоюға қаланың шұғыл әрекет ету жасағы, құрамында 179 адам, 56 бірлік инженерлік техника (бульдозер, экскаватор, кран, тиегіш және камаз) жұмылдырылады.

Елордада «Көктем-2021» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтуде

Құрамында жеке құрамнан 663 адам және 185 бірлік техника бар азаматтық қорғау органдарының топтамасы тұрақты әзірлікке келтірілді.

Оқу-жаттығулар азаматтық қорғаудың аумақтық және салалық жүйелерінің күштері мен құралдарының су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлар қаупі және туындауы кезінде міндеттерді орындауға дайындық дәрежесін анықтау, азаматтық қорғау қызметтерінің ТЖ алдын алуға және жоюға бағытталған іс-қимылдарының үйлесімділігін жетілдіру, хабарлау және байланыс жүйелерінің дайындығын тексеру, болжамдық және диспетчерлік қызметтердің жұмысын, мониторинг жүргізу, материалдық-техникалық, азық-түлік және медициналық резервтердің қорларын құру мақсатында, сондай-ақ ТЖ жою, эвакуациялық іс-шаралар және су тасқыны жағдайының дамуын болжауды ескере отырып өзара іс-қимыл жоспарларын тексеру мақсатында өткізіледі.


Өзгелердің жаңалығы