Әлеуметтік кәсіпкерлік «ерекше» адамдар үшін жұмыс орындарын құруға көмектеседі

4 Наурыз 2021, 13:32
1745
Бөлісу:
Әлеуметтік кәсіпкерлік «ерекше» адамдар үшін жұмыс орындарын құруға көмектеседі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлік бірте-бірте қарқын алып келеді. Бүгінде мұндай жобалар ірі қалаларда ғана емес, өңірлерде де жүзеге асырылуда. 

Мәселен, Қостанай облысының Рудный қаласында азаматтар әлеуметтік кәсіпкерлік аясында жобаға бастама жасап қана қоймай, оны жүзеге асырып, ерекше қажеттіліктері бар бірнеше адамды жұмысқа орналастыра алды.

30 жылдан астам уақыттан бері Рудный қаласында «Рудный қалалық мүгедектердің ерікті қоғамы» ҚБ жұмыс істеп келеді. Ол мүгедектігі бар адамдарды біріктіреді, оларға жұмыс табуға және өмірде өз орнын табуға көмектеседі, басқаша айтқанда мүмкіндіктері шектеулі адамдарды іс жүзінде интеграциялау және оңалту процесін жүзеге асырады. 

2019 жылы «РҚМЕҚ» ҚБ «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының «Әрекет» жобасының грантын жеңіп алып, өзіне-өзі қызмет көрсету ТҚКС арналған қосымша үй-жайын салып, жабдықтады, осылайша оның жұмысын кеңейтті. 

Біз автокөліктерді жөндеу бойынша кешенді сервистің ақылы қызметтерін көрсетеміз, оған шиномонтаж рәсімдері, теңгерімдеу, жүріс бөлігін жөндеу кіреді. Бұдан басқа, біз автокөлік иелеріне автокөлікті өз бетінше жөндеуге арналған жабдығы бар ТҚКС үй-жайларын жалға береміз, - дейді бірлестік төрағасы Санаш Ещанов.

КЕҰ ерекше қажеттіліктері бар 8 адамды монтаждау және автожөндеу цехында білім мен жұмыс дағдыларына үйретті және оларды қолданыстағы өзіне-өзі қызмет көрсету ТҚКС-на жұмысқа орналастырды.

Олардың бірі - Юрий Виноградов. Ол стансада диспетчер болып жұмыс істейді. Юрийдің білімі техникалық, бірақ машиналар бойынша емес. Кеңес заманында ол өндірісте жарақат алып, содан бері мүгедектігі бар. Мұнда оның міндетіне ТҚКС клиенттерін жазу, құралдарды беру, жөндеуге көмектесу кіреді.


ТҚКС-да жұмыс істеу мүмкіндігі тек жалақы төленгендіктен ғана құнды емес. Мен үшін өзімді біреуге керек сезіну маңызды, - дейді Юрий.

«Әрекет» жобасының арқасында «РҚМЕҚ» ҚБ өз аймағында әлеуметтік кәсіпкерлік мәдениетін дамыта бастады, аймақтағылар бұған дейін мұндай ұғым туралы естіген, бірақ белсенді қолдануға батылы жетпеген.

Жоба сәтті жүзеге асқан идеялардың біріне айналды. Оның авторлары өздерін үлгі етіп, айналасындағыларға әлеуметтік жоба пайда әкеліп қана қоймай, қоғамдық ұйымға қаржылық тұрақтылықты табуға мүмкіндік беретінін дәлелдеді.

Рудныйдағы өзіне-өзі қызмет көрсету ТҚКС жобасы - әлеуметтік кәсіпкерліктің жақсы үлгісі. Бір жағынан ерекше қажеттіліктері бар адамдарды жұмысқа орналастыру сияқты әлеуметтік мәселе шешілуде. Екінші жағынан ұйым жалақы көзін тапты, соның арқасында ол өз қызметкерлерін жалақымен қамтамасыз етеді, коммуналдық шығындарды төлейді және басқа жобаларды бастай алады. Үшіншіден Рудный қаласының тұрғындары ТҚКС қызметтерін әлеуметтік бағамен алады, сондықтан жоба халық арасында үлкен танымалдылыққа ие болды, - деп түсіндірді қордың ресми өкілі Мирас Іргебаев.

Жоба ерекше қажеттіліктері бар адамдарды жұмысқа орналастыру арқылы қоғамға әлеуметтендіруге сөзсіз әсер етті. Сонымен қатар, осы жобаның арқасында ерекше қажеттіліктері бар адамдарды жұмыспен қамту мәселелерін шешу жолдары туралы қоғамның хабардарлығы артады.

«РҚМЕҚ» ҚБ алға қойған жоспарлары көп. Бірақ ең басты мақсат – тоқтамау және ештеңеге қарамастан осы істі жалғастыру, мүгедектігі бар адамдарды біріктіру және өзгелерге үлгі болып, бәрі де мүмкін екенін дәлелдеу.



Өзгелердің жаңалығы