Шабуылды кім жасағанын анықтап, нақты шешім қабылдаймыз – Байден

4 Наурыз 2021, 15:24
1910
Бөлісу:
Шабуылды кім жасағанын анықтап, нақты шешім қабылдаймыз – Байден

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Джо Байден Ирактағы америкалық әскери базаға кімнің шабуыл жасағанын анықтап жатқанын мәлімдеді, деп хабарлады «Хабар 24». 

Ақ үй басшысы тергеуден кейін қарымта қайтарылатынын жеткізді. 

Құдайға шүкір, атылған зымыраннан ешкім зардап шеккен жоқ. Бірақ кейін бір адам жүрек талмасынан көз жұмды. Шабуылды кім жасағанын анықтап, нақты шешім қабылдаймыз, - деді АҚШ президенті Джо Байден.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Ирактың батысындағы «Айн әл-Асад» әуе базасына кемінде 10 зымыран атқыланған. Өткен айда да елдің солтүстігінде шабуыл жасалып, АҚШ сарбазы жараланған еді. Осыдан кейін Джо Байден Ирак пен Сирия шекарасын әуеден бомбалаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы