Все новости за 20 қараша 2020
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Жыл басынан бері 2 100 Балқаш тұрғыны жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмыс тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл басынан бері Балқаш қаласының халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеп 2 500-ден астам адам жүгінген. Оның 2 100-ден астамы жұмысқа орналасты. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
-
ШҚО-да 16 ПТР-зертхана жұмыс істеп тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында ПТР тестілеуді 16 зертхана жүргізеді. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Асқар Хорошаш мәлімдеді.
-
Алматы облысында жаңа ХҚКО ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осыдан екі жыл бұрын қайта құрылған Райымбек ауданында тұрғындар мемлекеттік қызметтерді шағын сектордан алуға мәжбүр болған еді.
-
Балалар өкілі министрлікпен тікелей байланыста болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасынан Балалар өкілі сайланды. Енді олар әр мектепте балалардың құқықтарын қорғау мәселелерімен айналысады.
-
Коронавирус университеттерге қалай әсер етті?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «ADAL BILIM» алаңында «Университеттердегі цифровизация» тақырыбы бойынша тікелей эфир өтті.
-
Қиясов: Қазақстан мен Канада денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастығының әлеуеті зор
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау вице-министрі - ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері «Қазақстан-Канада» іскерлік кеңесінің жұмысы аясында денсаулық сақтау және білім беру саласындағы жұмыс тобының бірінші отырысына қатысты.
-
Министрлік 1500 ӨЖЖ аппаратына қатысты түсініктеме берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Асселсан Инжиниринг» ЖШС шығарған отандық 1500 өкпені жасанды желдеткіш аппаратын ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ҚР Үкіметінің резервтік қаражаты есебінен сатып алды.
-
Шпекбаев: Мемқызметті электрондық форматқа көшіру жемқорлық тәуекелдерін азайтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А. Шпекбаев қалалық Мемлекеттік кірістер басқармасында болып, мемлекеттік кірістер жүйесіндегі процестердің ашықтығы мен тұтынушыға бағдарлануын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстармен, сондай-ақ «Open space» нысанындағы азаматтарды қабылдау жөніндегі жаңа кабинетпен танысты.
-
Азаматтық форум өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 23-27 қараша аралығында Қазақстанда «Қоғам және мемлекет: «Birgemiz» - 30 жылдық серіктестік пен даму» атты IX Азаматтық форум өтеді.
-
Жамбыл облысында ұрланған 72 бас мал иесіне қайтарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. “Мал ұрысы” жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Жамбыл облысының полицейлері мал ұрлығының 16 дерегін әшкереледі. Нәтижесінде 72 бас мал иелеріне қайтарлыған.
-
Ақжарқын Данабаева: Жастарды қолдайтын жобалар қоғам үшін өте маңызды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жетекшілігімен құрылған «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» мақсаты үлкен. Осы орталық «Шығармашылық жастарды қолдау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру» жобасын қолға алған еді.
-
Мәжіліс өндірістік секторды қаржыландыруды мақұлдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы мамыр айында Мемлекет басшысы өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері аясында жиналатын қаражат есебінен Өнеркәсіпті дамыту қорын құруды ұсынды, деп хабарлады Қазақстан машина жасау одағының баспасөз қызметі.
-
Алматы облысында карантин шектеулері күшейтіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында жаңа шектеу шаралары күшіне енеді. Бұл туралы Алматы облысының бас санитариялық дәрігері Ерғали Сыдыманов мәлімдеді.
-
Пәтер иелеріне 5 пайдалы кеңес
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» жаңа Заң күшіне енді, ол бойынша 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап ПИК-тер күшін жояды. Олардың орнын жай серіктестіктер (ЖС) мен меншік иелері бірлестіктері (МИБ) болады.
-
Шпекбаев ауылдағы сервисті тексерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысына жұмыс сапарының екінші күнін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Алик Шпекбаев Қарғалы ауданы Қосестек ауылдық округінің «Сервистік әкімдігінің» қызметін тексеруден бастады.
-
COVID-19-бен күрес. Семей медицина университетінің студенттері тартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында санитарлық-эпидемиологиялық жағдай әлі де ушығып тұр. Осыған байланысты денсаулық сақтау қызметкерлерін қолдау, эпидемиологиялық жағдайды талдау, COVID-19 профилактикасы мен емдеудің тиімділігін арттыру үшін барлық қолжетімді ресурстарды іске қосты.
-
Мусинге вице тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметінің қаулысымен Асқар Серікұлы Жамбакин Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.
-
Коронавирус. Бір тәулікте 90-нан астам оқушы ауырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 93 оқушы анықталды. Бұл туралы ВАК хабарлады.
-
Әсел Камалова: Ұтып алған грантым болашағымды айқындай түсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мектеп қабырғасында оқып жүрген жеткіншектің үлкен байқауларға қатысып, бақ сынауы сүйіспеншілік тудырмай қоймайды. Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының грантын ұтқан жүлдегер оқушы Әсел Камалова өз ойымен бөлісті.
-
Шымкент: 10 айда 125 020 жол ережесін бұзушылық анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласы Полиция департаментінің патрульдік полиция полкінің қызметкерлері 2020 жылдың 10 айында жол қауіпсіздігі бағыты бойынша 125 020 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.
-
Түркістан облысында карантин талабын бұзудың 5500-ден астам фактісі анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында карантин талаптарының сақталуына байланысты күнделікті рейдтік жұмыстар жүргізіліп жатыр. Карантин режимін сақтамағандарға хаттама толтырылып, айыппұл салынуда, деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
-
Вирустық инфекциялардың алдын алудың негізгі жолдары қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Көпсалалы медициналық орталығы» ШЖҚ МКК қалалық инфекциялық орталығының басшысы Татьяна Цечоева ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Дәрігерлердің кеңестері: КВИ кезінде асқынулардың алдын алу» тақырыбы аясында өткен онлайн брифингке келіп, бірқатар сұраққа жауап берді.
-
Коронавирустың алдын алуға аюдың майы әсер ете ме?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сауалға ҚР ДСМ Ұлттық фтизиопульмонология орталығы директорының орынбасары Ләззат Ералиева ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Дәрігерлердің кеңестері: КВИ кезінде асқынулардың алдын алу» тақырыбы аясында өткен онлайн брифинг кезінде жауап берді.
-
Шымкентте карантин және шектеу шаралары ұзартылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа қаулыға сәйкес шектеу шаралары 2020 жылғы 23 қарашадан 7 желтоқсанға дейін ұзартылады. Бұл туралы Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Әбдіманап Төлебаев мәлімдеді.
-
Цой: Біз туберкулезге қарсы ұйымдарды қаржыландырудың жаңа тетігін әзірледік
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «Туберкулезді тоқтату» Серіктестік кеңесі басқармасының 33-отырысына қатысты.
-
Бала құқығына қатысты 2 мыңнан астам өтініш түскен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті 11 айдың ішінде "BALA QORǴAÝ" телеграмм-чаты арқылы келіп түскен 2 мыңнан астам өтінішті қарастырды.
-
«Мың баланың» жеңімпаздары марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада «Асыл сөз» республикалық мектебінің аясында «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
-
Тоқаев ресейлік делегациямен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында Ресей Үкіметі басшысының орынбасары Алексей Оверчук пен «Сбербанк» БАҚ президенті, басқарма төрағасы Герман Греф бастаған ресейлік делегациямен кездесті.
-
Ақмола облысында бір күнде 11 мас жүргізуші ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмолалық полицейлер «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасының бірінші күні жол қозғалысы ережелерін бұзудың 677 фактісін анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Орталық сайлау комиссиясы екі партияға қатысты шешімдерін жариялады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіленген сайлауға байланысты отырыс өткізді.
-
ЮНИСЕФ: Қазақстан бала құқықтарын қорғау бойынша халықаралық деңгейде көш бастап келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР БҒМ баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда балалардың жағдайын жақсарту бағытында едәуір ілгерілеу байқалады, сондай-ақ еліміз бала құқықтарын қорғау бойынша әлемде жетекші орынға ие.
-
Алдағы демалыста ауа райы қандай болады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 2020 жылғы 21-23 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Ресми мәліметке сүйенсек, Қазақстан оңтүстігінде ауа температурасы төмендейді.
-
Алматы облысы мен Шымкентте карантиндік шектеулер ұзартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент және Алматы облысының бас мемлекеттік санитар дәрігерлерінің жаңа қаулылары жарияланды. Бұл өңірлерде карантин ұзартылды.
-
Қарағанды жастары қарттар мен аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Приозерск жастар ресурстық орталығы «Тегін нан» және «Ардағым-Ардагерім» қайырымдылық акцияларын өткізді. Жастар нан таратып, қарт адамдарға азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізуге көмектесті, деп хабарлады облыс әкімдігінің ресми сайты.
-
Шығыс Қазақстанда санитарлық талаптарға бағынбағандарға 70 млн теңге айыппұл салынған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Облыста арнайы құрылған мониторингтік топ 1 қыркүйек пен 10 қараша аралығында он мыңнан астам нысанды қамтыған 4 мың рейд жасаған.
-
«Ақ жол» Мәжіліс депутаттығынан үміткер 38 кандидаттың есімін жариялады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Ақ жол» партиясы Мәжіліс депутаттығына үміткерлер тізімін жариялады.
-
Тәртіп сақшылары ұрланған көлікті үш сағатта иесіне қайтарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының полиция қызметкерлері ұрланған автокөлікті үш сағатта тапқан. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
ШҚО-да көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету үшін 1,6 млрд теңге бөлінген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Басымдық ауылдағы отбасыларға беріліп отыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов мәлім етті.
-
Байғабұлов Бекшиннің орынбасары болып тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сәдуақас Байғабұлов Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.
-
Әлемге біздің де береріміз бар – Кенжеханұлы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Рухани жаңғыру: «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясындағы Ұлттық аударма бюросының жұмысы» тақырыбында онлайн брифинг барысында қоғам қайраткері, «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының жетекшісі Рауан Кенжеханұлы «біз тек ала берсек, ілгері дамыған елдердің арасынан өз орнымызды табуымыз күрделі болар еді» деген пікірде.
-
Балаева АҚШ елшісімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уильям Мозермен кездесті.
-
Жұмыс болса, жастар ауылға барады – жас маман
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Нарынқол ауылына жұмыспен қоныс аударған жас маман Жалғас Сүлейменов ауылда жұмыс болса, жастар қуана барар еді дейді.
-
Перуашев парламенттік басқару жүйесіне көшу қажеттігін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев парламенттік басқару жүйесіне көшуді ұсынды.
-
Тоқаев: Біз Қазақстандағы барлық баланың бақытты болашағын қамтамасыз етуіміз керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында жазды.
-
«Жасылдандыруға» кезеңдеп көшу керек – Сүлейменов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясының атқарушы директоры Асхат Сүлейменов Нұр-Сұлтан қаласында II Республикалық «Жасыл кеңсе» байқакының жеңімпаздарын марапаттау шарасында айтты.
-
Нарынқолда жаңа үйлер қолданысқа берілді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол ауылында 40-тан астам тұрғын үй, Халыққа қызмет көрсету орталығы және басқа да ғимараттар қолданысқа берілді.
-
Рауан Кенжеханұлы: Оқулықтарды аударуға ұлттық университеттердің мамандары кеңінен тартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Рухани жаңғыру: «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясындағы Ұлттық аударма бюросының жұмысы» тақырыбында онлайн брифинг барысында қоғам қайраткері, «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының жетекшісі Рауан Кенжеханұлы айтты.
-
Шығыс Қазақстандағы барлық мектеп қашықтан оқытуға көшірілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов айтты.
-
«Жасыл кеңсе» байқауының жеңімпаздары анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласында II Республикалық «Жасыл кеңсе» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
-
Басшылықтың жауапсыздығынан аграрлық сала ғалымдары 5 ай жалақысыз отыратын болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенат депутаты Ақылбек Күрішбаев Үкімет басшысы Асқар Маминге депутаттық сауал жолдады.
-
Елордада қоғамдық көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада жексенбі күні, 22 қарашада қоғамдық көлік жұмысы бір күнге тоқтатылады.
-
Желіде жоқ киімді сатып, талайды сан соқтырған алаяқ қолға түсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Instagram желісінде аккаунт ашып, жоқ киімді бардай етіп сатқан елордалық әйелдің әрекеті әшкереленді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Перуашев мемлекеттің атауын өзгерту жайлы ұсыныс жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін «Ақ жол» демократиялық партиясының XVI сайлауалды құрылтайында төраға Азат Перуашев Қазақ Республикасы атауын қайтаруды ұсынды.
-
Елордада 16 мың жеке тұлғаның салық бойынша өсімпұлы есептен шығарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда 2020 жылы жарияланған жеке тұлғаларға арналған салық амнистиясының алғашқы нәтижелері белгілі болды.
-
5 жылда жетімдер саны 6 мыңға азайды – Асылова
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова Дүниежүзілік балалар күніне орай ұйымдастырылған «Балалық шақты қорғау жүйесінің тиімділігі және баланың әл-ауқаты: мемлекет пен азаматтық қоғамның бірігуі» туралы брифинг барысында айтты.
-
Шымкентте қар тазалау жұмысына 105 техника жұмылдырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте көшелерді қардан тазалап, көктайғақтың алдын алу шаралары өз деңгейінде атқарылып жатыр, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.
-
Аружан Саин бала құқығын қорғауда кездесетін мәселелерді атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саин Дүниежүзілік балалар күніне орай ұйымдастырылған «Балалық шақты қорғау жүйесінің тиімділігі және баланың әл-ауқаты: мемлекет пен азаматтық қоғамның бірігуі» туралы брифинг барысында айтты.
-
Түркістанды абаттандыруға аудандар көмектесуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыс тәжірибесін негізге ала отырып, 32 секторға бөлінген Түркістан қаласында жыл басынан бері абаттандыру жұмыстары қызу жүргізілуде. Бірқатар секторлардың жұмысын аралаған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевке аудан басшылары атқарылған жұмыс барысы жөнінде баяндады.
-
АҚШ-та мейрамханалар мен фитнес орталықтары қайта жабылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Нью-Йорк қаласының мэрі Билл де Блазио алдағы аптадан бастап қаладағы мейрамханалар мен фитнес орталықтарының қайта жабылатынын мәлімдеді.
-
Қытайдан транзиттік жүктерді тасымалдауға уақытша тыйым салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚХР тарапынан шекаралық станцияларда бақылауды қатаңдату салдарынан ҚТЖ тиісті шаралар қабылдауға мәжбүр болды, деп хабарлады «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС баспасөз қызметі.
-
Локдаун жариялау коронавируспен күресте тиімді шара емес – ДДСҰ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңадан локдаун жариялап, мектептерді жабу коронавируспен күресте тиімді шара емес. Бұл – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропадағы аймақтық бюросының директоры Ханс Клугенің пікірі.
-
Өткен тәулікте коронавирустан 1 адам қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 20 қарашада тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпаратты coronavirus2020.kz сайты хабарлады.
-
Өткен тәулікте 311 адам коронавирустан жазылып шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 311 адам коронавирустан жазылды.
-
Өткен тәулікте 791 адамнан коронавирус расталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте Қазақстанда 791 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлайды ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналы.
-
Тараз қаласында облыстық форум өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тараз қаласында «Азаматтық қоғам және мемлекет: серіктестік пен дамудың 30 жылы» облыстық форумы өтті.
-
20 қарашаға арналған ауа райы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК 20 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынады.
-
Бүгін еліміздің 6 қаласында ауа сапасы нашарлайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» мамандары 20 қараша күні Қазақстан қалаларында ауа сапасы қандай болатынын жариялады.
-
Қостанайда үй қызметкері үйлерді тонаумен айналысқан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай қаласы Полиция басқармасының Оңтүстік полиция бөліміне 63 жастағы қала тұрғыны пәтерінен қомақты ақша, атап айтқанда, 7200 доллар және 2800 еуро ұрланғанын хабарлаған.
-
Талдықорғандағы екі саяжайға көпір салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Талдықорғанға қарасты екі саяжайда заманауи көпір салынып, пайдалануға берілді. Бұл халықтың бірнеше жылдар бойы көтерген мәселесі болатын.
-
Бетперде тақпаған ақтөбелік жігітті банк қызметкерлері соққыға жықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбедегі банк бөлімшелерінің бірінде күзетші мен жүргізуші медициналық маска тағудан бас тартқан ер адамды ұрған. Күзетші жауапқа тартылып, оған айыппұл салынған деп хабарлайды "Диапазон" басылымы.
-
Ақтөбе тұрғындары шошқа фермасының жабылуын талап етіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысының тұрғындары шошқа фермасын жабуды талап етеді.
-
Петропавлдық оқушылар мектептерінің виртуалды көшірмесін жасап шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Петропавлда мектеп оқушылары өз мектептерінің виртуалды дәл көшірмесін жасап шықты. Осылайша олар білім ордасына жаңадан қабылданған, алайда карантиннің салдарынан үйде оқуға мәжбүр ізбасарларына нысанды таныстырды.
-
Қарағанды полицейлері балконнан секірмек болған қызды құтқарып қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандылық полицейлер көпқабатты үйдің балконынан секірмек болған қызды құтқарып қалды, деп хабарлады Polisia.kz.
-
Синоптиктер ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жариялады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК ауа райының бұзылуына байланысты республикамыздың бірнеше өңірінде ескерту жариялады.
Наверх