Тәртіп сақшылары ұрланған көлікті үш сағатта иесіне қайтарды

20 Қараша 2020, 14:18
1939
Бөлісу:
Тәртіп сақшылары ұрланған көлікті үш сағатта иесіне қайтарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының полиция қызметкерлері ұрланған автокөлікті үш сағатта тапқан. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Оқиға 15-қарашада орын алған. Кешкі сағат алтылар кезінде Ақсауат кентінде белгісіз біреу қаңтарулы тұрған «ВАЗ» маркалы автокөлікті теуіп кетті. Ақжайық ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері 3 сағаттық іздеу шаралары нәтижесінде автокөлікті иесіне қайтарып берді. Аталмыш жайт бойынша мас күйде болған 1986-жылғы азамат ұсталды, - делінген хабарламада.

Аталмыш оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 200-бабы 1-тармағына сәйкес сот алды тергеу жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы