Балалар өкілі министрлікпен тікелей байланыста болады

20 Қараша 2020, 22:42
2330
Бөлісу:
Балалар өкілі министрлікпен тікелей байланыста болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасынан Балалар өкілі сайланды. Енді олар әр мектепте балалардың құқықтарын қорғау мәселелерімен айналысады.

Ендігі кезекте белсенді балалар барлық өзекті мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен тікелей байланыста болады. Дүниежүзілік балалар күні аясында балалар өкілдіктерінің алғашқы республикалық слеті өтті.

Біз үшін балалармен тікелей жұмыс жасап, оларды қандай сұрақтар қызықтыратынын, өз деңгейлерінде қандай проблемаларды анықтайтынын біліп, өтініштеріне жауап беру маңызды. Елімізде белсенді азаматтық ұстанымы бар әрі өз пікірлерін ашық айта алатын, достарының бастамаларын қолдай алатын балалар мен жасөспірімдердің қатары қалың. Балалар өкілдерінің барлығы біздің чатта тіркелетін болады. Олар мектепте орын алған түрлі оқиғалар туралы хабарлап, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жұмысын жақсарту бойынша өз идеяларын, ұсыныстарын жеткізе алады, – деп атап өтті Балалардың құқықтарын қорғау Комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина.

Республикалық слет барысында бұзақылық пен кибербуллингке қарсы тұру, интернет желісінде өзін-өзі ұстау этикасы, экологиялық білім, ерекше білім беруді қажет ететін балаларға қатысты толеранттылық мәселелері көтерілді.

Біз жоба шеңберінде балалар құқығын қорғау төңірегіндегі мәселелерге араласа аламыз. Бұл осы салада қалыптасқан жағдайды жақсы жаққа өзгертіп, өз үлесімізді қосу үшін таптырмас мүмкіндік, – деді 8-сынып оқушысы, белсенді блогер Медина Майсар.

Республикалық слет Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің YouTube-тегі ресми арнасында тікелей эфирде көрсетілді.

Өзгелердің жаңалығы