Вирустық инфекциялардың алдын алудың негізгі жолдары қандай?

20 Қараша 2020, 17:41
1810
Бөлісу:
Вирустық инфекциялардың алдын алудың негізгі жолдары қандай?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Көпсалалы медициналық орталығы» ШЖҚ МКК қалалық инфекциялық орталығының басшысы Татьяна Цечоева  ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Дәрігерлердің кеңестері: КВИ кезінде асқынулардың алдын алу» тақырыбы аясында өткен онлайн брифингке келіп, бірқатар сұраққа жауап берді.

 

Қазір күзгі-қысқы кезең - жіті респираторлық вирустық инфекциялардың (ЖРВИ) өршу кезеңі жүріп жатыр. Осыған байланысты коронавирустық инфекцияның өсімі байқалады. Коронавирустық инфекцияның ерекшелігі – халқымыздың 70-75%-ы коронавирустық инфекцияның жеңіл ауырлықтағы немесе симптомсыз түрімен ауырады. Бұл аурудың алғашқы белгілері – жоғары температура, бұлшықеттің ауруы, бас ауруы, иіс сезу қабілетінің жоғалуы. Бұл белгілер бір уақытта да, бөлек де байқалуы мүмкін. Әлсіздік пен тершеңдік пайда болып, бұл симптомдар білінгенде тыныс алудың қиындауы, ентігу, кеуде қуысының ауыру белгілері қосылады, - деді Татьяна Цечоева.

 

Ол жоғарыдағы симптомдар пайда болған кезде пациент тұрғылықты жері бойынша тіркелген емханаға қоңырау шалуы керек екенін айтты. Содан кейін тиісінше, медицина қызметкері емдеу тактикасын анықтайды.

Барлық вирустық аурулардың белгілері ұқсас. Коронавирустық инфекциямен ауырған кезде инфекция ең алдымен, өкпе және өкпе тамырларын нысанаға алады, соңынан тромбоз пайда болуы мүмкін. Содан кейін бактериялық флораны белсенділенру кезінде қабыну процесі жүреді. Науқастарды ауруханаға жатқызудың негізгі көрсеткіші өкпенің зақымдану көлеміне қарамастан пневмонияның дамуы болып саналады, - деді дәрігер. 


 

Өзгелердің жаңалығы