Өткен тәулікте коронавирустан 1 адам қайтыс болды

20 Қараша 2020, 09:08
1222
Бөлісу:
Өткен тәулікте коронавирустан 1 адам қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 20 қарашада тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпаратты coronavirus2020.kz сайты хабарлады.


Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 158 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 55 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 40848, 424 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 29869 жетті.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 10 435 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 481 бала бар. Стационарларда 3 088 науқас жатыр. 7 347 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 220 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 26 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 21 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.



Өзгелердің жаңалығы