Коронавирустың алдын алуға аюдың майы әсер ете ме?

20 Қараша 2020, 17:35
2551
Бөлісу:
Коронавирустың алдын алуға аюдың майы әсер ете ме?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сауалға ҚР ДСМ Ұлттық фтизиопульмонология орталығы директорының орынбасары Ләззат Ералиева ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Дәрігерлердің кеңестері: КВИ кезінде асқынулардың алдын алу» тақырыбы аясында өткен онлайн брифинг кезінде жауап берді.

 

Халықтық медицинада аюдың, борсықтың майы қолданылып жататыны белгілі. Алайда оның ешқандай ғылыми дәлелі жоқ. Мұндай майларды ішкізу арқылы (әсіресе, балаларға) пайдаланудан жазылып кететіні жөнінде нақты дәлел жоқ. Сол себепті аюдың, борсықтың майын пайдалану коронавирусты емдейді деуге болмайды, - деді ол.

 

Ләззат Тасболатқызы брифинг барысында туберкулезге қарсы диспансерлердегі ахуалға да тоқталды. 

 

Туберкулезге қарсы диспансерлерде коронавирус инфекциясына орай жасалатын профилактика өзге де медициналық мекемелерде жүргізілетін профилактика сияқты. Туберкулезбен ауыратын науқастар арасында коронавирус жұқтырғандар байқалмайды, - деді ол. 

 

Дәрігер санитарлық гигиенаны сақтау, қолды жиі жуу, бөлмені желдету, таза ауада серуендеу және қоғамдық орындарда маска тағуды ұмытпаған жөн екенін тағы бір еске салды.

Өзгелердің жаңалығы