Жамбыл облысында ұрланған 72 бас мал иесіне қайтарылды

20 Қараша 2020, 20:47
1838
Бөлісу:
Жамбыл облысында ұрланған 72 бас мал иесіне қайтарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. “Мал ұрысы” жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Жамбыл облысының полицейлері мал ұрлығының 16 дерегін әшкереледі. Нәтижесінде 72 бас мал иелеріне қайтарлыған. 

Бұл туралы Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қарашаның 18-і күні Т.Рысқұлов ауданы тұрғындарының бірі белгісіз тұлғалардың жайылымнан 23 бас ірі қара малын ұрлағаны туралы арызданған. Келтірілген шығын көлемі 5 млн. теңгені құрайды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы қылмысқа Байзақ ауданының екі тұрғынының қатысы бар екені анықталды. Ұсталғандар қамауға алынды. ҚР ҚК-нің 188-1-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жамбыл облысында 2020 жылдың 10 айында 169 мал ұрлығы тіркелген. Ұрланған 623 бас малдың 295-і иелеріне қайтарылып, жалпы сомасы 30 миллион теңгеден астам материалдық шығын өтелді. Тіркелген мал ұрлығы деректері бойынша полиция қызметкерлері 93 адамды, оның ішінде 35 адамнан тұратын 16 топты ұстады, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы