Қостанайда үй қызметкері үйлерді тонаумен айналысқан

20 Қараша 2020, 06:12
1442
Бөлісу:
Қостанайда үй қызметкері үйлерді тонаумен айналысқан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай қаласы Полиция басқармасының Оңтүстік полиция бөліміне 63 жастағы қала тұрғыны пәтерінен қомақты ақша, атап айтқанда, 7200 доллар және 2800 еуро ұрланғанын хабарлаған.

Өтініш берушінің күдігі Елена есімді үй күтушісіне түскен. Жәбірленушінің айтуынша, осы жылдың күзінен бастап ол айына бір-екі рет пәтерді тазалау үшін келетін бейтаныс келіншекті жалдаған, - делінген облыстық ПД хабарламасында.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Оңтүстік полиция бөлімінің қызметкерлері Қостанай қаласының бұрын сотталмаған 47 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

Ақшалай қаражат ішінара иесіне қайтарылды. Күдікті ақшаның бір бөлігін жұмсап, туыстарының несиесін төлеп, бір бөлігін банкке депозитке салып үлгерген.

Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелген сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы