Жұмыс болса, жастар ауылға барады – жас маман

20 Қараша 2020, 13:35
3178
Бөлісу:
Жұмыс болса, жастар ауылға барады – жас маман
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Нарынқол ауылына жұмыспен қоныс аударған жас маман Жалғас Сүлейменов ауылда жұмыс болса, жастар қуана барар еді дейді.

2017 жылы жоғары оқу орнын тамамдаған жас маман жастар тәжірибесі бағдарламасы бойынша Нарынқол ауылындағы жолаушылар көлігі және автомобильдер жолы мемлекеттік мекемесіне жұмысқа қабылданданған. Содан бері ауылда қызмет етіп, оның көркеюіне үлесін қосып келеді.

Жұмыс болса, жастар ауылға барады – жас маман

2018 жылы Райымбек ауданы қайта құрылғанда, осы мекемеге бас маман болып қабылдандым, ал 2019 жылдан бастап осы мекеменің басшысымын. Осында отбасылы болып, қызмет етіп жатқан жайым бар. Облыс әкімінің қолдауымен ауылда жастар үшін жаңа қызметтік үйлер салынып, беріліп жатыр. Өзім де жас маман ретінде үйлі болып жатырмын, - дейді ол.
Жұмыс болса, жастар ауылға барады – жас маман

Сондай-ақ ол жаңа жұмыс орындары құрылғалы Алматыда жүрген жастар ауылға қайта бастағанын айтады.

Жұмыс болса, жастар ауылға барады – жас маман

Жұмыс болса, жастар ауылға барады – жас маман

Біздің бөлімде толығымен жастар жұмыс істейді. Ауылда жастарға арнап спорттық-сауықтыру орталығы мен басқа да демалыс орындары салынып жатыр. Сондықтан ауылдың көркейіп, гүлденуі үшін  қызмет ете береміз, - дейді Сүлейменов.
Жұмыс болса, жастар ауылға барады – жас маман

Ауыл қариялары да Нарынқол қайта аудан болып құрылғалы көркейіп, инфрақұрылымы дами бастағанын айтады. 

Жұмыс болса, жастар ауылға барады – жас маман

Жұмыс болса, жастар ауылға барады – жас маман

Ауылдың еңсесі көтеріліп, жағдайымыз түзеліп қалды. Бұған дейін әр үйге су тартылып, жол салынды. Енді тұрғындарға арнап үйлер салынып жатыр, - дейді ауыл тұрғыны Рақымжан Қатубаев. 
Жұмыс болса, жастар ауылға барады – жас маман

Бұған дейін Алматы облысы әкімінің қатысуымен жаңа құрылған Райымбек ауданының орталығында жаңа үйлердің кілті табысталғанын хабарлағанбыз. Жаңа үйлер мемлекеттік қызметкерлерге, жас отбасыларға және көпбалалы отбасыларға берілді.

Жұмыс болса, жастар ауылға барады – жас маман

Өзгелердің жаңалығы