«Жасыл кеңсе» байқауының жеңімпаздары анықталды

20 Қараша 2020, 12:40
2491
Бөлісу:
«Жасыл кеңсе» байқауының жеңімпаздары анықталды
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласында II Республикалық «Жасыл кеңсе» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. 

«Жасыл кеңсе» байқауының жеңімпаздары анықталды
Бүгін аталған байқау екінші мәрте өтіп отыр. Нұр-Сұлтан қаласында 10 маусым мен 1 қазан аралығында он номинация бойынша байқау ұйымдастырды. Байқауға 50 өтінім келіп түсті. Оның ішінен 20 жеңімпаз іріктелді, - деді «Қазақстанның экологиялық ұйымдар қауымдастығы» ЗТБ басқарма төрағасы Айгүл Соловьева.
«Жасыл кеңсе» байқауының жеңімпаздары анықталды

Оның айтуынша, байқау «жасыл» және төмен көміртекті технологияны дамытуға бағытталған. 

«Жасыл кеңсе» байқауының жеңімпаздары анықталды

Биыл шара офлайн және онлайн форматта өтті. Өзге өңірлердің жеңімпаздары онлайн байланыс арқылы қосылды.  

«Жасыл кеңсе» байқауының жеңімпаздары анықталды

Байқауға өтінімдер білім беру саласында, денсаулық сақтау саласында, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор арасында, халықаралық ұйымдар мен өкілдіктер арасында, шағын орта кәсіпкерлік арасында, өнеркәсіптік кәсіпорындар арасында, бизнес орталықтар мен сауда орталықтары арасында, қызмет көрсету саласында, қаржы ұйымдары арасында, үкіметтік емес ұйымдары арасында қабылданды. 

Байқау комиссиясы жеңімпаз дипломдары мен Green office арнайы белгілерін 20 үздік ұйым алды.

«Жасыл кеңсе» байқауының жеңімпаздары анықталды

Ал Мәжіліс депутаты Марат Бопазов атағандай, бұл игі іс-шаралар бір күнмен шектелмеуі керек. 

Бізден кейінгі ұрпаққа жақсы «жасыл» экологияны қалдыратын болсақ, үлкен жетістік болар еді. Экологиялық бастамаларды одан әрі жүзеге асыру өте маңызды, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы