5 жылда жетімдер саны 6 мыңға азайды – Асылова

20 Қараша 2020, 11:04
2378
Бөлісу:
5 жылда жетімдер саны 6 мыңға азайды – Асылова

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова  Дүниежүзілік балалар күніне орай  ұйымдастырылған «Балалық шақты қорғау жүйесінің тиімділігі және баланың әл-ауқаты: мемлекет пен азаматтық қоғамның бірігуі» туралы брифинг барысында айтты. 

5 жылда жетім балалар саны 6000 мың адамға немесе 21 пайызға азайды. Жетімдер үйін тарнсформациялау жұмысы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүзеге асырылуда. Ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қарайтын ұйымдар саны 5 жылда 47 бірлікке немесе 33 пайызға азайды. Ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар  саны жыл санап азайып келеді. 5 жылда бұл көрсеткіш 3490 баланы құрады, - деді ол.  

Асылова атап өткендей, инклюзивті білім беруге де аса көңіл бөлінеді. 

2019 жылы білім беру бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 20 пайызында инклюзивті білім беру бойынша жағдай жасалды. Бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 11 пайызға жоғары. Ал баланың мәдени және бос уақытын пайдалану құқығы  1256 мектепке дейінгі мекеме мен 7 мың мектеп жанындағы үйірмеде қамтамасыз етіліді. Оған 2 млн-ға жуық бала барады, - деді ол.  

Бибігүл Асылова атап өткендей, балаларды дамытуда үкіметтік емес ұйымдардың маңызы зор. 

 

Олардың саны 300-ден асып отыр. Волонтерлік қызмет белсенді дамып жатыр. Мемлекетке осы әлеуетті пайдаланып, кәмелетке толмаған балалардың құқықығын пайдалану маңызды рөлге ие, - деді ол. 


Еске сала кетейік, осыған дейін ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саин бала құқығын қорғауда кездесетін мәселелерді атаған еді.


 

Өзгелердің жаңалығы