Министрлік 1500 ӨЖЖ аппаратына қатысты түсініктеме берді

20 Қараша 2020, 21:41
1292
Бөлісу:
Министрлік 1500 ӨЖЖ аппаратына қатысты түсініктеме берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Асселсан Инжиниринг» ЖШС шығарған отандық 1500 өкпені жасанды желдеткіш аппаратын ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ҚР Үкіметінің резервтік қаражаты есебінен сатып алды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі күн сайын 297 медициналық ұйымға құрылғылардың жеткізілуін бақылап отыр. Қазіргі уақытта осы медициналық ұйымдардың барлығы 1500 құрылғыны қабылдау актілеріне қол қойды. Осылайша, олар пайдалануға дайын, - деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Әсем Нүсіпова.

Келісімшарттың негізгі талабы техникалық ерекшелікке сәйкестігін қайта тексергеннен кейін құрылғыларды қабылдау болды.

Айта кету керек, іске қосу процесі құрылғыларды орнатуды, реттеуді, іске қосуды, олардың сипаттамаларын тексеруді, бағдарламалық жасақтамаға қол жеткізу үшін сервистік кодтар бойынша өндірушінің білікті мамандарды оқытуын қамтиды.

Барлық құрылғылар осы сынақтан өтті, олар дымқылдатқыштармен, компрессорлармен және басқа да қажетті компоненттермен жабдықталған.

Әсем Нүсіпова жақында көтерілген депутат сынына орай, халық қалаулысының қараша айының басында өңірлерге қойылған аппараттар кезең-кезеңімен пайдалануға беріліп, қажетті инсталляциялау мен ретке келтіру рәсімдері өтіп жатқанда жасалған мониторинг деректерін алға тартқанын атап өтті. Бірақ сол кездің өзінде барлық 1500 аппарат еліміздің өңірлеріне жеткізілген. Шығыс Қазақстан облысына келетін болсақ, облыстың денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, барлық 100 аппарат өңірдің 34 ауруханасына жеткізілген, сондай-ақ, пайдалануға дайын.

Осылайша, отандық өндірістің 1500 ӨЖЖ аппаратын жеткізу аяқталды, барлық аппараттар жұмыс жағдайында. Барлық ӨЖЖ аппараттарына 37 ай кепілдік беріледі және өндіруші қызмет көрсету бойынша барлық жағдайды назарда ұстайды.

Өзгелердің жаңалығы