Елордада қоғамдық көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады

20 Қараша 2020, 12:14
2032
Бөлісу:
Елордада қоғамдық көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада жексенбі күні, 22 қарашада қоғамдық көлік жұмысы бір күнге тоқтатылады. Бұл туралы City Transportation Systems баспасөз қызметі хабарлады.

Елорда коронавирус инфекциясының таралуы бойынша «сары аймақта». Нұр-Сұлтан қаласының ведомствоаралық комиссиясының шешіміне сәйкес қоғамдық көлік жексенбі күні жүрмейді. Дүйсенбі күні, 23 қарашадан бастап автобустар қалыпты кестесіне сәйкес қайтадан қатынайды, - делінген компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Автобустарға бетпердесіз кіруге тыйым салынады. Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді.

Өзгелердің жаңалығы