Все новости за 18 қараша 2020
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Балқашта Шоқанның бейнесі муралға айналды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Балқаштағы Шоқан Уәлиханов көшесінде мурал пайда болды. Арт-нысан қазақтың ұлы ғалымы, этнограф және географының туғанына 185 жыл толуына орайластырылды.
-
Сапарбаев 60 жылға жуық жөндеу көрмеген мектепке барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы Жамбыл облысында сәтті жүзеге асуда.
-
Қазақтың тағы бір файтері UFC-мен келісімшартқа отырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық файтерлердің бірі Арман Әшімов UFC-мен келісімшартқа отырды. Бұл жайлы Arlan MMA Pro Team командасының жаңадан сайланған басшысы Дархан Бәкенов мәлімдеді.
-
Тоқаев: Біз мұндай қадамға саналы түрде барып отырмыз
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысы бейнеконференция форматында өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Коронавируспен күрес. ЕО Орталық Азия елдеріне көмек берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуроодақ Орталық Азия елдеріне коронавирустың кесірінен туындаған дағдарыспен күресу үшін қаржылай көмек ретінде 134 миллион еуро (шамамен 159 млн доллар) қаражат бөлді. Бұл ақпаратты Еуропаның сыртқы байланыс қызметі хабарлады.
-
Министр елдің энергетикалық жүйесіне қолайлы әсер ететін қадамды атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда электр энергетикасында маневрлік қуаттар салуды ынталандыратын заң жобасын қабылдау жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Алматы облысына жұмыс сапары барысында айтты.
-
Ұлттық қорғаныс университетінің факультетіне Мәлік Ғабдуллин есімі берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық қорғаныс университетінің әскери-гуманитарлық ғылымдар факультетіне Кеңес Одағының батыры Мәлік Ғабдуллин есімі берілді. Сол күні ардагердің құрметіне ескерткіш бұрышы ашылды.
-
Абай мұрасы халықаралық деңгейде дәріптелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кісілік пен ізгіліктің кілтін ұсынған кемеңгер, ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Абай мұрасы – аманат!» атты халықаралық танымдық жиын өтті.
-
Қазақстанның Тұрақты өкілі БҰҰ бөлімше басшысына сенім құжаттарын тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі, Елші Қайрат Омаров БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – БҰҰ Венадағы бөлімшесінің Бас директоры және БҰҰ Есірткі және қылмыс басқармасының (БҰҰ ЕҚБ) Атқарушы директоры Гада Валиге сенім құжаттарын тапсырды.
-
«Абай институты» порталы іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы қазақ тілін үйрету және ілгерілету мақсатында «Абай институты» порталының таныстырылымын ұйымдастырды.
-
Атырауда тағы бір алтын адам қалпына келтірілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда ҚР Тұңғыш президенті күні қарсаңында Миялы қорғанынан табылған «Ұлы дала жауһары» атты алтын адам реконструкциясының ашылу салтанаты өтті. Шараға облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов арнайы қатысты.
-
«G-Global». Қазақстан инвестициялық әріптестеріне лайықты инфрақұрылым ұсына алады - Дәленов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов халықаралық антикризистік конференция барысында айтты.
-
Маңғыстауда дәрі-дәрмек қоры 2 айға жетеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысында дәрілік препараттардың қоры жеткілікті. Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысының медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті басшысының орынбасары Ринат Құбатаев мәлім етті.
-
«G-Global». Әлемдегі қазіргі жағдай мен зерттеген дағдарыстың ең үлкені – профессор
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Гарвард университетінің профессоры, бас экономисті Кеннет Рогофф онлайн ұйымдастырылған халықаралық антикризистік конференция барысында айтты.
-
Талдықорғандықтар өрт кезінде адамдарды құтқарған полицейге алғыс білдірді
Алматы, BAQ.KZ. Талдықорған полицейлері көпқабатты үйден шыққан өрт кезінде тұрғындарды дер кезінде эвокуациялады, барлық тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді.
-
Шетелге демалуға баратын туристерге қатысты заңға өзгеріс енгізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Қазақстанда шетелге демалуға шығатын азаматтарға туристік код беру ұсынылды.
-
Алматы әкімдігі Тәуелсіздік күніне орай БАҚ арасында байқау жариялады
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласының әкімдігі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мегаполистің дамуы тақырыбында ең үздік ақпараттық өнім байқауын жариялайды.
-
Исекешев ТМД елдерінің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының отырысына қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешев 18 қараша күні бейнеконференция форматында өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) қатысушы мемлекеттерінің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының VIII отырысына қатысты.
-
Нығматулин тендер арқылы байып отырғандарды ашық айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында төраға Нұрлан Нығматулин Kazakh Tourism компаниясына қосымша құзырет беру туралы Мәдениет және спорт министрлігінің шешімін құптамайтынын жеткізді.
-
«D» дәрумені COVID-19-ға әсер ете ме?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін «COVID пен ЖРВИ алдын-алу: дәрумендер мен ББҚ қабылдау қажет пе?» тақырыбында өткен онлайн дәріс барысында С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ нутрициология кафедрасының доценті Ақкүміс Салханова «D» дәруменінің коронавирусқа әсеріне тоқталды.
-
Елордалық тәртіп сақшылары карантин талаптарының сақталуын қадағалауда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық тәртіп сақшылары карантиндік шараларды сақтамайтындармен күресті жалғастыруда. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Экология мәселелерінде халықтың азаматтық позициясы өте маңызды – Мағзұм Мырзағалиев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев азаматтарды қабылдады.
-
Ертең телерадио хабарларын тарату уақытша тоқтатылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда телерадио хабарларын тарату уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Telegram арнасында.
-
«G-Global». Қала мэрлерін біріктіруді заңды тұрғыдан қарастыру керек – Серік Нөгербеков
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «G-Global» халықаралық хатшылығының басшысы Серік Нөгербеков «Ғаламдық Жібек жолы – қала мэрлерінің форумында» осылай деді.
-
Елімізде топырақ құрамын зерттеу жұмыстары қалай іске асырылуда?
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде соңғы кездері мал саны көбейіп, жайылымдық жердің тарылуына байланысты жер қыртысы эрозияға ұшырай бастаған. Бұл туралы Агрохимиялық, топырақ және кешенді іздестіру жұмыстары департаментінің мамандары айтты.
-
Ауыл шаруашылығы саласының үздіктері марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы әкімдігінде жемісті жылдың жетістіктері паш етілген биылғы «Altyn kùz – 2020» мерекесі өтті. Мерекелік шараға ауыл шаруашылық еңбеккерлері мен шаруа қожалық төрағалары мен аудан қала əкімдері қатысты.
-
«Рухани жаңғыру» Қазақстан халқына үлкен рух берді – Наурызбай Тағанұлы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти болып Наурызбай Тағанұлы Сенатта өткен «Ұлттық құндылықтар – рухани жаңғырудың негізі» тақырыбына арналған дөңгелек үстелде айтты.
-
Экология министрі мен Ресей тарапы Жайық өзені проблемасын талқылайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Ресей Федерациясының Табиғи ресурстар министрі Александр Козловты қызметімен құттықтап, Жайық өзені проблемасын талқылауға шақырды.
-
10 мыңға жуық алматылық емхана ауыстырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде азаматтарды емханаға тіркеу науқаны аяқталды. Жыл сайын қыркүйектің 15-і мен қарашаның 15-і аралығында өтетін дәстүрлі науқан барысында 10 мыңға жуық алматылық емхана ауыстырды.
-
Мемлекет басшысы Конституциялық Кеңестің төрағасын қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Конституциялық Кеңестің төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады.
-
Балаева балалар әдебиетінің әлемдік шығармаларын қазақ тіліне аударуды ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Сенатта өткен «Ұлттық құндылықтар – рухани жаңғырудың негізі» тақырыбына арналған дөңгелек үстелде балалар әдебиетінің әлемдік шығармаларын қазақ тіліне аударуды ұсынды.
-
Енді жауапты хатшылар болмайды. Мәжіліс заң жобасын қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «ҚР Үкіметі туралы» конституциялық заңына өзгерістер енгізу туралы заң жобасы қаралып, бірінші оқылымда мақұлданды.
-
«Ауыл» партиясы Мәжіліс сайлауына түсетін үміткерлер тізімін бекітті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының кезектен тыс XVIII съезінде партияның атынан сайлауға түсетін депутаттар тізімі белгілі болды.
-
Бір аптада коронавирустан 46 адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 9 және 15 қараша аралығында Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 46 адам көз жұмды.
-
Алматыда полиция киімінде Tik-tok билеген азамат жауапкершілікке тартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматылық азамат полиция қызметкерінің нысанды киімін заңсыз кигені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Алматыда жыл соңына дейін 10 туристтік бағыт абаттандырылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында қалалық Туризм басқармасы басшысының орынбасары Марат Айнабеков мәлімдеді.
-
Мектептердің жұмысына қатысты шешімді санитарлық дәрігерлер қабылдайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда 7 мыңға жуық мектеп бар, олардың 3700-ден астамы карантиндік шектеулер жағдайында дәстүрлі форматта жұмыс істеп, барлық сынып оқушыларын мектеп қабырғасында оқытып жатыр.
-
Тарих ғылымдарының докторы, профессор Уақит Шалекенов өмірден озды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Гуманитарлық ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасының және Өзбекстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері Уахит Хамзаұлы Шалекенов өмірден озды.
-
Тоқаев Ақпарат және қоғамдық даму министрін қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады.
-
Серік Сәпиевтің әкесі қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әуесқой бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы, әлемнің екі дүркін чемпионы Серік Сәпиевтің әкесі Жұманғали Сәпиев қайтыс болды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы хабарлады.
-
Комитет қарақұйрық атып жүргендерге қатысты пікір білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті әлеуметтік желілердегі белгісіз адамдардың қарақұйрықты автокөлікпен қуып, атып жүрген видеоға қатысты пікір білдірді.
-
#Желмая. 5G антенналарынан коронавирус тарайтыны рас па?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Желмая» жобасының бүгінгі қонағы – «Қазақтелеком» АҚ мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл департаментінің директоры Әмірәлі Әжібекұлы.
-
Елордада камералар «қауіпті автокөлікті» анықтайтын болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жүргізуші куәлігінен айырылған азаматтардың көлік құралдарының нөмірлері жүйеге енгізіледі.
-
Елордадағы оқушылар сарайында тұлғалық даму мектебі ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мектеп 6-16 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдердің бойында көшбасшылық қасиетті қалыптастыруды көздеп отыр.
-
Түркияда жартылай коменданттық сағат енгізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ел үкіметі пандемиямен күресу үшін жаңа шектеулер жариялады. Олардың ішінде - демалыс күндері қозғалысты шектеу шарасы бар, деп хабарлады ТАСС.
-
Алматы облысында жиналған жүгері 580 мың тоннадан асты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы жылы Алматы облысында жүгерінің егістік алқабы 4,7 мың гектарға арттырылып, 86,4 мың гектарға жеткізілді, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
-
Еліме үлес қоссам деймін. Көпбалалы ана отбасылық кәсібін кеңейтуді армандайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Осыдан 12 жыл бұрын Бақытгүл Мұхаммед отбасымен бірге Қытайдан Қазақстанға көшіп келеді. Елге оралған соң бірқатар кәсіпорында еңбек етіп, өз кәсібін ашуға бел буады. Отбасылық кәсібі туралы Бақытгүлдің өзі айтып берген еді.
-
Бектаев қандастардың елге оралғанда мал-мүлкін бірге алып келу мәселесін көтерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаев партияның кезектен тыс XVIII съезі барысында айтты.
-
«Ауыл» партиясы балаларға арналған арнайы қолдау қаражатын енгізуді ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаев партияның кезектен тыс XVIII съезі барысында айтты.
-
Шенеуніктер ауыл тұрғыны азайса, ондағы нысандарды жаба салуды әдетке айналдырған – Бектаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаев партияның кезектен тыс XVIII съезі барысында айтты.
-
Сафура Сейдуәлиқызы: Мұғалім мәртебесін көтеретін де мұғалім, түсіретін де мұғалім
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейінің директоры Сафура Сейдуәлиқызы онлайн-оқу, мұғалім мәртебесі, қашықтан білім алу және қазіргі білім жүйесі жайлы сұхбат берген еді.
-
Ауыл инфрақұрылымын реттеуге қауқарсыз. Депутат «Ауыл - ел бесігін» сынға алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаев партияның кезектен тыс XVIII съезі барысында айтты.
-
Нұр-Сұлтан қаласында бас-аяғы 354 сайлау учаскесі бар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Бақыт Бектемісова «Сайлау 2021 – сайлаушылар тізімін өзектендіру және мәліметтер базасын сүйемелдеу» тақырыбы аясында өткен онлайн-брифинг барысында айтты.
-
Уәли: Президент экотуризмді өркениетті жолмен дамытуды қолдайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.
-
Қазақстанның солтүстігінде күн жылынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 2020 жылғы 19-21 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
-
Мұхтар Өнерхан: Түркияға келіп емделетін қазақстандықтар көбейіп барады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Түркияда өз кәсібін бастап, сол жақта медицина саласы бойынша қызмет атқарып жүрген қандасымыз, «Global Medical Tour» ЖШС бас директоры Мұхтар Өнерханмен сұхбаттасудың сәті түскен еді.
-
«Алматы-2 – Орал» пойызы желтоқсаннан бастап күнара қатынайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі № 51/52 «Алматы-2-Орал» бағытындағы жолаушылар пойызы қатынауының қайта жандануы туралы ақпарат таратты.
-
Отандасымыз ауыр атлетикадан әлем кубогінде 1-орын еншіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Рахат Бекболат Перудің Лима қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем кубогінде жеңімпаз атанды, деп хабарлады ҚР Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі.
-
Жыл басынан бері мүгедектікке байланысты қазақстандықтарға 242 млрд теңге төленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандықтарға мүгедектікке байланысты және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақылар түрінде 300 млрд теңгеден астам қаражат төленді.
-
Елімізде бірнеше теміржолдың қызметі толығымен тоқтатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ИИДМ Көлік комитеті магистральдық және станциялық жолдарды күтіп ұстауға жауап беретін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ магистральдық теміржол желісі дирекциясының филиалдарында теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тексеру жүргізді.
-
Жүрек ауруларына тап болмас үшін адам қанша сағат ұйықтауы тиіс?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мамандар уақытылы ұйықтау режимі қалыптасқан адамдар жүрек-қантамыр ауруларына аз шалдығатынын анықтады.
-
Коронавирустан тағы 7 науқас көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ДСМ баспасөз қызметі 18 қарашада тіркелген коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпаратты таратты.
-
Өткен тәулікте коронавирустық пневмонияға 300-ге жуық адам шалдыққан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Coronavirus2020.kz сайтында 2020 жылғы 18 қарашада тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жарияланды.
-
453 адам коронавирустан жазылып шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 453 адам коронавирус індетінен жазылды.
-
Өткен тәулікте 682 адамнан коронавирус расталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 682 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz сайты.
-
Кәріз құдығына құлап кеткен жасөспірім ауруханадан қашып кеткен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «102» операторының пультіне хабарласқан әйел 13 жасар ұлының облыстық балалар ауруханасынан белгісіз бағытқа қашып кеткенін айтып, көмек сұраған, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
-
Бүгін елімізде ауа сапасы қандай болады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК 18 қарашада еліміздің қалаларындағы метеорологиялық ахуал туралы айтты.
-
18 қарашаға арналған ауа райы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 18 қарашада Қазақстан аумағының басым бөлігінде циклон жырасы және онымен байланысты атмосфералық ауа ағыны әсерінен қар жауады.
-
Танымал журналист эфирден кететінін мәлімдеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгілі журналист, «QAZAQSTAN» Ұлттық арнасының бас продюсері Мақсат Толықбай желтоқсан айының бірінен бастап эфирден кететінін мәлімдеді.
-
Сапарбаев Тараздағы әлеуметтік павильондардың жұмысымен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласындағы сауда нысандарын аралады. Алдымен аймақ басшысы әлеуметтік павильондардың жұмысымен танысты.
-
Жыл басынан бері 700-ге жуық орман өрті тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл басынан бері еліміздегі мемлекеттік орман қоры аумағында 694 орман өрті сөндірілді, деп хабарлайды Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.
-
Спортшыға қысым жасаудың не керегі бар? - Илья Ильин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин спортшы Алеся Сафронованың жағдайына байланысты волейбол федерациясының басшылығына жүгінді.
-
Алматы облысында адам бопсалағандар ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында адам бопсалаумен айналысқан адамдар тобы ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Италияда коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италияда коронавирус жұқтырған аурулар саны күрт өскендіктен медициналық персоналдың жетіспеушілігі артуда.
-
Шымбұлаққа шығатын билет құны қымбаттады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымбұлақ тау-шаңғы курортына баратын билет 1 900 теңгеге қымбаттады.
Наверх