Елімізде топырақ құрамын зерттеу жұмыстары қалай іске асырылуда?

18 Қараша 2020, 17:07
4498
Бөлісу:
Елімізде топырақ құрамын зерттеу жұмыстары қалай іске асырылуда?
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде соңғы кездері мал саны көбейіп, жайылымдық жердің тарылуына байланысты жер қыртысы эрозияға ұшырай бастаған. Бұл туралы Агрохимиялық, топырақ және кешенді іздестіру жұмыстары департаментінің мамандары айтты.

Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалына қарасты аталған департамент БАҚ өкілдеріне баспасөз турын ұйымдастырып, атқарып жатқан істерімен таныстырды.

Елімізде топырақ құрамын зерттеу жұмыстары қалай іске асырылуда?

Жиын аясында мекеменің 60 жылдан астам уақыт ішінде жиналған мұрағаттық материалдарымен, сондай-ақ 10 мың жапырақ түрі мен 3 мың өсімдік түрі сақталған гербарий қорымен танысу мүмкіндігі туды. Сонымен қатар, агрохимиялық зертханада болып, онда атқарылып жатқан жұмыспен жақын таныстық.

Еліміздегі тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты құрылған бұл мекеменің қызметі 1959 жылдан бастау алады. 2016 жылдан бері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпарациясы Алматы қаласындағы филиалының Агрохимиялық, топырақ және кешенді іздестіру жұмыстары департаменті болып қайта құрылған.

Департамент директорының орынбасары Естай Құдабаевтың айтуынша, мекемеде 218 адам еңбек етеді, 10 басқарма бар, оның төртеуі өндірістік басқарма.

Өндірістік басқарманың екеуі мемлекеттік тапсырыспен, яғни топырақ және геоботоникалық зерттеумен айналысады. Қалған екі басқарма тапсырыс берушілермен, оның ішінде Теңізшевройл, Бейнеу-Бозой-Шымкент ЖШС-і және басқа да мемлекеттік ұйымдармен газ құбырларын тарту бойынша жобалаумен айналысуда, - дейді ол.

Департамент негізінен жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу, жердің жай-күйіндегі өзгерістерді анықтау, өзгерістерге талдау және бағалау жүргізу, барлық келеңсіз сипаттағы процестердің салдарын жою бойынша болжамдар мен ұсыныстар жасаумен айналысады. Сондай-ақ мемлекеттік жер ресурстарының жай-күйіне, қоршаған ортаға қатысты қажетті ақпаратты халыққа жеткізіп, жобалау-іздестіру, топырақ зерттеулерімен, геоботаникалық жұмыстармен, электрондық карталар жасаумен де айналысады.

Елімізде топырақ құрамын зерттеу жұмыстары қалай іске асырылуда?

2020 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша мекеме бекітілген жылдық жоспарды 123%-ға орындаған. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 30 пайызға жоғары.

Биыл құрамы 4 адамнан тұратын 10 далалық бригада құрылып, жұмыс істеген. Әр тексеру бригадасы орта есеппен 75 мың гектар жайылым мен шабындықты игеріпті. Яғни күніне 1,9 гектар жерге зерттеу жүргізіліп отырған.

Елімізде топырақ құрамын зерттеу жұмыстары қалай іске асырылуда?

Мұндағы мамандар мал өсіру мен егін шаруашылығын көтеруге байланысты үлкен мемлекеттік жобалар мен бағдарламаларды іске асыруда. Оған қоса шаруалар пайдаланып отырған жердің құнарлығын арттыру және тиімді пайдалану жөнінде қажетті жобалармен қатар басқа да іздестіру жұмыстарын жүргізіп келеді, - дейді Естай Құдабаев.

Департамент биыл 1,3 млн гектар жердің топырағын зерттеген. Сондай-ақ 3 млн гектар жерге геоботаникалық іздестіру жұмыстары атқарылған. Ол негізінен Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында жүргізіліпті. Ал, топырақ зерттеу жұмыстары Қостанай мен Түркістан облыстарында жүргізілген.

Топырақ зерттеу басқармасының басшысы Гүлсара Мейізбаева қазір зерттеу жүргізілген жердің бірден электронды карталарын жасап жатқандарын айтады.

Біздің мекеме жалпы Қазақстан бойынша зерттеу, іздестіру жұмыстарын жасауға қауқарлы. Қазір мемлекеттік тапсырыстан бөлек, жеке тапсырыстар бойынша да жұмыстар атқарып жатырмыз. Яғни құрамы бұзылған топырақтарды зерттейміз және сол аумақтың электронды картасын жасап шығарамыз. Ол картада қай жердің топырағы құнарлы, қай жерге тыңайтқыш себу қажет деген сияқты нұсқаулықтар көрсетіледі. Бүкіл әлем электронды картаны қолданып келеді, біз де 2017 жылдан бері соған көшіп жатырмыз. Бұған дейін оның бәрі қолмен сызылып келді. Бұл жер игеретін агрономдардың жерді бақылап отыруы үшін қажет, - дейді ол.

Елімізде топырақ құрамын зерттеу жұмыстары қалай іске асырылуда?

Топырақ сынамаларына зерттеу өз зертханаларында жасалады екен. Ондағы құрылғыдардың бәрі қазіргі заманғы барлық талаптарға сай келеді. Аппараттар негізінен Германия, Ресей сияқты елдерден жеткізілген.

Совет үкіметі тұсында шаруашылық жердегі топырақтың құрамы әрдайым зерттеліп, қажеттілігіне қарай тыңайтқыштар себіліп тұратын. Тәуелсіздік алған жылдары мұндай зерттеулер жүргізілмеді. Қазір қайта қолға алынып жатыр. Жердің құнарлығына келсек, әр жерде әрқилы. Шаруаларда мал саны көбейіп, жайылым жерінің азаюына байланысты көп жерде топырақтың құнарлығы төмендеп кеткен. Бұған дейін Алматы облысында зерттеу жұмысын жасадық, соның нәтижесінде шаруаларға кеңес, ұсыныстар берілді. Қай жерге қандай егіс еккен жөн, қай бөлікке тыңайтқыш себу керек, қай жерге мал жаю қажеттігі айтылды. Қазір Қостанай, Түркістан обылыстарында зерттеу, іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Дегенмен көп жерде минералды заттар азайған, сол үшін тыңайтқыш себіп, баптап отыру қажет, - дейді Гүлсара Мейізбаева.

Сондай-ақ мұндай зерттеулер келешекте егістік өнімдері көбейе ме, әлде азая ма деген мақсатта жасалдаы екен, яғни топырақ құнарлығы қандай деңгейде екенін біліп отыру үшін қажет.

Мамандардың айтуынша, құрғақшылық, жел эрозиясы сияқты құбылыстар топырақтың құнарсыздануына әкелетін көрінеді. Сондықтан топырақтың құнарсыздануын болдырмас үшін шаруаларға агротехникалық талаптарды қатаң сақтап, егістік алқаптар айналасына ағаштарды көптеп отырғызуға кеңес беріледі екен.

Елімізде топырақ құрамын зерттеу жұмыстары қалай іске асырылуда?

Департамент жер қыртысын зерттеумен қатар, онда өсетін өсімдік түрлеріне де зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Геобатаникалық іздестіру басқармасының басшысы Асхат Қоңқабаев бұл бағытта көптеген жұмыстар атқарылып жатқанын айтады.

Бізге еліміздің Жер комитеті тапсырыс беріп отырады. Зерттеу нәтижесінде сол аумақтың геобатаникалық электронды картасын жасап береміз. Онда жайылым мен шабындықтың қазіргі жағдайы жайлы мағлұмат беріледі. Яғни қандай өсімдіктер басым екенінен бастап, емдік шөптерге дейін енгізіледі. Оған қоса көктемгі, жаздық және күздік жайылымдар картада арнайы көрсетіліп отырады. Бұл жұмыстың барлығы бюджет тапсырмасы бойынша жасалады. Мұндай картаны жасау үшін ондағы өсімдіктің түрін, сұрыпы зерттеледі, - дейді ол.

Зертету жұмысы жүргізілеген алқаптың электронды картасы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының сайтына орналастырылады екен, оны кез келген адам көре алады. Бұл әсіресе мал шаруашылығымен айналысатын шаруалар үшін маңызды көрінеді.

Елімізде топырақ құрамын зерттеу жұмыстары қалай іске асырылуда?

Асхат Қоңқабаев жайылым мен шабындық жерлерде көптеген өсімдіктер қазір дегродацияға ұшырап жатқанын жеткізді.

Өйткені жеке меншіктерде мал саны көбейді, ал жайылым жерді реттеп отыру іске аспады. Сол себепті біз электронды картаны жасап береміз, онда қажеттігі нұсқамалар көрсетіледі,-дейді ол

Қазіргі уақытта біздің мамандар далалық жұмыстарды пысықтап, камералдық жұмыстарды және электрондық карталарды жасаумен айналысуда. Алты ауылдық округте 690 мың гектар алқапта топырақ іздестіру бойынша электрондық карталар жасалған. Бұдан басқа Жамбыл облысының Жамбыл және Т.Рысқұлов аудандарында – 500,0 мың га жұмыстар аяқталған. 300-ден аса шаруа қожалықтарын паспорттау жұмыстары жүргізіліпті. Сонымен қатар, 3100,0 мың гектар алаңға геоботаникалық зерттеу жүргізілген.


Өзгелердің жаңалығы