«Ауыл» партиясы Мәжіліс сайлауына түсетін үміткерлер тізімін бекітті

18 Қараша 2020, 15:19
1809
Бөлісу:
«Ауыл» партиясы Мәжіліс сайлауына түсетін үміткерлер тізімін бекітті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының  кезектен тыс XVIII съезінде партияның атынан сайлауға түсетін депутаттар тізімі белгілі болды. 

Қазір 654 кандидат мәслихаттарға кандидат болып тіркеліп отыр. Мәжіліске ұсынылатын үміткерлер де сарапшылармен бірігіп толық талқыланды. Ұміткерлер біздің атымыздан сайлауға түсерде біздің атымыздан сөйлеп, бағдарламаларын іске асыра алатын азаматтар болуы керек. Сондай кандидаттар ұсынылып отыр деп ойлаймын, - деді ол. 

«Ауыл» партиясы Мәжіліс сайлауына партия атынан 19 кандидатты ұсынды:

-Қазақ агротехникалық университетінің ректоры Қайрат Айтуғанов;
- Мәдениет және спорт министрлігі туризм инсдустриясы комитет басқармасының жетекшісі Қарлығаш Аралбекова;
- «Пром Инвест Алматы» ЖШС Екібастұз филиалының директоры Николай Арсютин 
- «Хабар» телеарнасының жүргізушісі Зейін Әліпбек;
- «Злиха» шаруа қожалығының төрағасы Нұржігіт Бегалы;
- «Астана ӘШӨК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Зейнуллин; 
 - Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан жазушылар одағы филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы;
- Қазақ агротехникалық университетінің тәрбие жұмысы жөніндегі директоры Әйгерім Көкеева; 
- «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Дәурен Қуат; 
- «Инновациялық зияткерлік технологиялар академиясы» ЖШС бас директоры Болатбек Қыстауов; 
- ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясының төрағасы Кенжеғали Машырықов; 
 - «SBS-IT» ЖШС ұйымдастыру-құқықтық бойынша консультат Алмас Мұхаметов;
- «Ауыл» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Төлеутай Рақымбеков; 
- «Atameken Business» ЖШС жетекші есепші Айдар Саттаров;
-ҚР БҒМ ҒК Экономика институтының директоры Әзімхан Сатыбалдин; 
-«Мәміле» қазақ тілі клубының негізін қалаушы Қанат Тасыбеков;
- «Aitas.kz» сыртқы байланыстар жөніндегі вице-президент Рабиға Тоқсейітова; 
- «Әдемі-ай» компаниясының директоры Баһаргүл Төлеген;
- «Азимут» ЖШС құрылтайшысы мен директоры Валентин Хаданович;

Өзгелердің жаңалығы