Тарих ғылымдарының докторы, профессор Уақит Шалекенов өмірден озды

18 Қараша 2020, 14:16
1995
Бөлісу:
Тарих ғылымдарының докторы, профессор Уақит Шалекенов өмірден озды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Гуманитарлық ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасының және Өзбекстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері Уахит Хамзаұлы Шалекенов өмірден озды.

Өмірден ұстазымыз, ғылым докторы, профессор, Отан соғысының ардагері Уақит аға Шалекенов озыпты. Біз оқыған 80-жылдары Уақит аға КазГУ-дің тарих факультетінің деканы болатын. Өте кең, студенттерге жайлы, қазақтың салт-дәстүрін берік ұстайтын ғалым еді. Ғасыр жасаған ағаның топырағы торқа болып, пейіште нұры тасысын. Хош бол, абзал аға, - деп жазды Мұрат Бақтиярұлы Facebook-тегі парақшасында. 

Уахит Хамзаұлы Шалекенов (12.5.1924 жылы Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Бөрілі ауылында дүниеге келген) – тарих ғылымдарының докторы (1967), профессор (1972). Қазақстан Республикасы Гуманитарлық ғылым академиясының академигі (1991). Қазақстан Республикасының (1984) және Өзбекстан Республикасының (1984) еңбек сіңірген ғылым қайраткері.

2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан, отставкадағы полковник. Қарақалпақ мемлекеттік педагогика институтын (1948, қазіргі Нөкіс мемлекеттік университеті) бітірген. Қарақалпақ облыстық партия комитетінде дәріскер (1948–1950), КСРО ғылым академиясының Этнография институтында аспирант (1950–1953), Өзбекстан ғылым академиясының Қарақалпақ бөлімшесінде сектор меңгерушісі (1953–1970), Шымкент мемлекеттік мәдениет институтында кафедра меңгерушісі (1970–1972) болған. 1973 жылдан ҚазҰУ-да декан, кафедра меңгерушісі болды.

700-ден астам ғылыми жарияланым, 30 монография, оқу құралдарының авторы. «Қызыл Жұлдыз», 1 және 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған.


Өзгелердің жаңалығы