Жүрек ауруларына тап болмас үшін адам қанша сағат ұйықтауы тиіс?

18 Қараша 2020, 09:26
5391
Бөлісу:
Жүрек ауруларына тап болмас үшін адам қанша сағат ұйықтауы тиіс?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мамандар уақытылы ұйықтау режимі қалыптасқан адамдар жүрек-қантамыр ауруларына аз шалдығатынын анықтады.

АҚШ-тың Жаңа Орлеан штатындағы Тулейн университетінің ғалымдары күніне 7 сағаттан 8 сағатқа дейін ұйықтап, ұйықтау режимін қалыптастырған адамдар жүрек-қантамыр ауруларына көп ұшырамайтынын анықтаған. Бұл туралы Express хабарлады.

Зерттеуге 37-73 жас аралығындағы 408 802 адам қатысты. Ғалымдардың айтуынша, зерттеу барысында 408 802 адамның 5221-інде жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі айқындалған. Сонымен қатар бұл адамдардың ұйқыға байланысты проблемалары болғаны белгілі болды. Мәселен біреулері ұйқысыздықтан зардап шексе, кейбірі өз қорылдаған даусынан түнде жиі оянып мазасы қашқан. Сондай-ақ кейбірінің ұйқысы тез болғаны соншалық, аз уақыт ұйықтаса да сол жеткілікті болған.

Мамандар ұйықтау режимін реттеп алған адамдардың осы тектес проблемалардан алшақ болып, жүрек ауруларымен аз науқастанатынын анықтады. Ғалымдар ұзақ ғұмыр сүру үшін адамдар күнде 7-8 сағат ұйықтауы тиіс деген қорытындыға келді.

Өзгелердің жаңалығы