Қазақстанның Тұрақты өкілі БҰҰ бөлімше басшысына сенім құжаттарын тапсырды

18 Қараша 2020, 20:40
1581
Бөлісу:
Қазақстанның Тұрақты өкілі БҰҰ бөлімше басшысына сенім құжаттарын тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі, Елші Қайрат Омаров БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – БҰҰ Венадағы бөлімшесінің Бас директоры және БҰҰ Есірткі және қылмыс басқармасының (БҰҰ ЕҚБ) Атқарушы директоры Гада Валиге сенім құжаттарын тапсырды.

Кездесу барысында Г.Вали Қазақстан мен БҰҰ ЕҚБ арасындағы серпінді дамып жатқан ынтымақтастықты ризашылықпен атап өтіп, мемлекетімізге Ұйымның қызметіне тұрақты түрде қолдау көрсетіп жатқаны үшін алғыс білдірді.

Өз тарапынан, Елші Қазақстан БҰҰ ЕҚБ-мен, әсіресе Есірткі, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азиялық өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы (CARICC) желісі бойынша ынтымақтастықты аса маңызды бағыт ретінде қарастыратынын хабарлады.

Өзгелердің жаңалығы