Елордалық тәртіп сақшылары карантин талаптарының сақталуын қадағалауда

18 Қараша 2020, 18:03
1045
Бөлісу:
Елордалық тәртіп сақшылары карантин талаптарының сақталуын қадағалауда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық тәртіп сақшылары карантиндік шараларды сақтамайтындармен күресті жалғастыруда. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Рейдтік шаралар барысында полиция қызметкерлері 70 адам көңіл көтеріп жатқан  «ZOLOTO» мейрамханасына қатысты әкімшілік хаттама толтырды. Меймандар арасында әлеуметтік қашықтықтың сақталмағаны, санитарлық талаптардың орындалмайтыны анықталды. Мейрамхана иесі келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шығарылған Нұр-Сұлтан қаласы бас санитар дәрігерінің талаптарын орындамаған. Рейд барысында мәлім болған ақпараттар Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау басқармасына жіберіліп, нысан иесі Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 425 бабы бойынша жауапқа тартылды, - делінген хабарламада. 

Өткен тәуілікте мобильдік топ 236 кәсіпкерлік нысанды аралап, 5 карантиндік талаптың бұзылу фактісін анықтады. 

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті карантиндік режимді сақтамайтындар мен санитарлық талаптарға немқұрайлық танытқандар заңға сәйкес жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

Өзгелердің жаңалығы