Мемлекет басшысы Конституциялық Кеңестің төрағасын қабылдады

18 Қараша 2020, 15:43
1386
Бөлісу:
Мемлекет басшысы Конституциялық Кеңестің төрағасын қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Конституциялық Кеңестің төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына орай өткен шаралардың қорытындысы жайында баяндалды.

Конституциялық Кеңес төрағасының айтуынша, Ата Заңның мерейтойлық іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Ұлттық жоспар коронавирус пандемиясы тудырған қиыншылықтарға қарамастан жүзеге асқан.

Мемлекет басшысы Конституциялық Кеңестің төрағасын қабылдады

Президентке мерейтой шеңберінде өткен іс-шаралар қорытындысы бойынша Ата Заңның әлеуетін жан-жақты іске асыру және елдегі конституциялық заңдылық жүйесін нығайтуға бағытталған ұсыныстар туралы ақпарат берілді. Ұсыныстардың бір бөлігі Конституциялық Кеңестің құқықтық негізін одан әрі жетілдіру және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау кепілдігін күшейтуге байланысты келіп түскен.

Қасым-Жомарт Тоқаев Конституция Қазақстанның мемлекеттілігі мен еліміздің стратегиялық дамуының негізі екенін айтты. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында мемлекеттік органдар мен азаматтар конституциялық талаптарды терең түсінуі және оны басшылыққа алуы керек. 

Өзгелердің жаңалығы