Нұр-Сұлтан қаласында бас-аяғы 354 сайлау учаскесі бар

18 Қараша 2020, 11:27
1452
Бөлісу:
Нұр-Сұлтан қаласында бас-аяғы 354 сайлау учаскесі бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Бақыт Бектемісова «Сайлау 2021 – сайлаушылар тізімін өзектендіру және мәліметтер базасын сүйемелдеу» тақырыбы аясында өткен онлайн-брифинг барысында айтты. 

Конституциялық мерзімдерге сәйкес, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы 2020 жылдың 10 қаңтарға белгіленді. Жоғары өкілеттік органды сайлау еліміздегі елеулі саяси оқиға. ҚР сайлау туралы ҚР Конституциялық заңында мәслихаттар депутаттарын кезекті сайлауын тағайындау орталық сайлау комиссиясының құзыретіне жатқызылған. Жалпы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 354 сайлау учаскесі бар, оның 5-еуі аумақтық, 349-ы учаскелік. Олардың ішінде 66 учаскелік сайлау комиссиясы ҚР шет елдегі өкілеттіліктерінің жанында. Жыл басынан бері біз жаңадан 50 сайлау учаскесін құрдық. Қазіргі таңда елордада бас-аяғы 3322 сайлау комиссиясы мүшесі бар. Олардың 35-і аумақтық, 3287-сі учаскелік сайлау комиссияларының мүшесі, - деді ол.   

Бақыт Ғазизқызы брифинг барысында дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктеріне тоқталды.

 

Сайлаушы өзінің болатын орнын ауыстырған кезде сайлау комиссиясы сайлаушының өтініші бойынша және жеке басын куәландыратын құжатын көрсеткен кезде сайлаушыға немесе сенімхат бойынша оның өкіліне дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін табыс етеді. Мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі басқа сайлау округінде немесе бір елді мекен шегіндегі басқа сайлау учаскесінде дауыс беруге қатысқысы келетін сайлаушыларға есептен шығару куәліктері берілмейді. Жоғалған есептен шығару куәліктері қалпына келтірілмейді. Есептен шығару куәліктерін беру сайлау күнінен бір күні бұрын жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де тоқтатылады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы