Еліме үлес қоссам деймін. Көпбалалы ана отбасылық кәсібін кеңейтуді армандайды

18 Қараша 2020, 12:25
3818
Бөлісу:
Еліме үлес қоссам деймін. Көпбалалы ана отбасылық кәсібін кеңейтуді армандайды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Осыдан 12 жыл бұрын Бақытгүл Мұхаммед отбасымен бірге Қытайдан Қазақстанға көшіп келеді. Елге оралған соң бірқатар кәсіпорында еңбек етіп, өз кәсібін ашуға бел буады. Отбасылық кәсібі туралы Бақытгүлдің өзі айтып берген еді.

Бақытгүл Мұхаммед 1974 жылы Қытай Халық республикасының Құлжа қаласында дүниеге келген.

Еліме үлес қоссам деймін. Көпбалалы ана отбасылық кәсібін кеңейтуді армандайды

Біз 2008 жылы туған жеріміз Қытайдан атамекеніміз Қазақстанға көшіп келдік. Алматыға келген соң жұмыс іздей бастадық. Жиһаз жасайтын зауытқа жұмысқа алу туралы өтініш жаздық. Ол жердің басшылығы жолдасым екеумізді жұмысқа қабылдады. Біз зауытта 3 жыл, яғни 2011 жылға дейін еңбек еттік, - деді Бақытгүл Мұхаммед.

Тігіншінің айтуынша, 2011 жылы олар отбасысымен бірге елордаға көшіп келеді.

Біз елорданың маңындағы Александровка елді мекенінде Алматыда қызмет еткен зауыттың бөлімшесі бар екенін естіп, сол жерге жұмысқа орналастық. Онда 2 жыл еңбек еттік. 2013 жылы қызыма аяғым ауыр болып декреттік демалысқа шықтым. Бала тәрбиесімен 2 жыл үйде отырдым. Сөйтіп 2016 жылы ұлыма аяғым ауыр болып, тағы 1 жыл үйде болдым, - деді ол.

Көпбалалы ананың айтуынша, бала-шағаға жақсы жағдай жасау үшін жұмыс істеу керек болған.

Еліме үлес қоссам деймін. Көпбалалы ана отбасылық кәсібін кеңейтуді армандайды

«Өркен» жұмыспен қамту орталығына барып, 3 ай тігінші курсын тәмамдап, сертификат алдым. Әртүрлі кәсіпте оқыған мамандарға «Атамекен» жұмыс бастау үшін 250 мың теңгеден грант бөлетін болды. Мен сол байқауға қатысып, 250 мың теңге ұтып алдым. Ол қаржыға бір тігін, бір зигзаг машина сатып алдым. Сонымен 1 жылдай үйде отырып жұмыс істедім, - дейді ол.

Еліме үлес қоссам деймін. Көпбалалы ана отбасылық кәсібін кеңейтуді армандайды

Маманның айтуынша, 2019 жылы кәсіпті кеңейтіп, ауқымды жұмыс істеу қажет болғанын айтты.

Еліме үлес қоссам деймін. Көпбалалы ана отбасылық кәсібін кеңейтуді армандайды

Өз Отанымызда бізді көпбалалы ана деп, кәсіп бастағалы жатқан адамдарға Үкімет тарапынан қолдау көрсетіледі. Мен де өз кәсібімді дөңгелетсем деген мақсатым болды. Алайда менің қолымда қаражат болмады. Бірақ діттеген мақсатқа жету үшін туған-туыстан қарызға қаржы алып, Қытайдың Сиянь қаласынан көрпе тігетін және жүн түтетін үлкен станок алдырдым. Солай жұмысымды бастап кеттім. Кәсіп бастағынамына осылай бір жыл болды. Жұмысымыз жақсы жүріп жатыр, - дейді ол.

Еліме үлес қоссам деймін. Көпбалалы ана отбасылық кәсібін кеңейтуді армандайды

Бақытгүлдің айтуынша, шағын кәсіпкерлік жүн түту, көрпе тігу, қыз жасауын әзірлеумен айналысады.

Еліме үлес қоссам деймін. Көпбалалы ана отбасылық кәсібін кеңейтуді армандайды

Халқымыздың қажетіне қарай, үйлерінде бұрын қолданған, ескірген мақтасын қайта түтіп, көрпелерін жаңартып береміз. Себебі барлығының жаңадан сатып алуға жағдайы бола бермейді. Осылайша, кішкене болсын халыққа жәрдемдесіп отырмыз деп ойлаймын. Бір жылда халықтың қолдауына ие болдық. Себебі тапсырыс көп болып жатыр. Базардағы саудагерлермен келісімшарт жасап, оларға қажет көрпешелер мен көрпені тігіп береміз. Жеке тұлғалардан да тапсырыс келіп жатады, - деді ол.

Еліме үлес қоссам деймін. Көпбалалы ана отбасылық кәсібін кеңейтуді армандайды

Кәсіпкердің айтуынша, бұл кәсібін кеңейтуді мақсат етіп отыр.

Еліме үлес қоссам деймін. Көпбалалы ана отбасылық кәсібін кеңейтуді армандайды

Жақында «Атамекен» ұйымдастырған 5 млн теңгенің грантына қатыстым. Өкінішке қарай, оны ұта алмадым. Бірақ әлі де үмітімді үзбеймін. Тағы да болса, қатысатын ойым бар. Жұмысымды жандандырып, жақсартып, оны кеңейту арқылы еліміздің дамуына бір кісілік үлесімді қосамын деп ойлаймын, - дейді ол.

Тігінші қажет шикізаттың барлығын, мақта, мата, бөзді Шымкенттен алдыратынын айтты.

Еліме үлес қоссам деймін. Көпбалалы ана отбасылық кәсібін кеңейтуді армандайды

Бақытгүл Мұхаммедтің 5 баласы бар. Екі баласы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде біліп алып жатыр. Үшінші баласы оқушы болса, 2 баласы үйде.

Еліме үлес қоссам деймін. Көпбалалы ана отбасылық кәсібін кеңейтуді армандайды

Кәсібіміз - отбасылық, жолдасым мен балаларын қолғабыс етеді. Үлгермеген кезде жұмысқа адам аламыз. Жазда бірнеше адам еңбек етті. Қазір 2 жұмысшы бар. Жалпы кәсіпорында 6 адам еңбек етеді. Бірақ негізгі жұмыс күші отбасымнан шығып отыр, - дейді ол.
Еліме үлес қоссам деймін. Көпбалалы ана отбасылық кәсібін кеңейтуді армандайды

Өзгелердің жаңалығы