Абай мұрасы халықаралық деңгейде дәріптелді

18 Қараша 2020, 21:05
3258
Бөлісу:
Абай мұрасы халықаралық деңгейде дәріптелді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кісілік пен ізгіліктің кілтін ұсынған кемеңгер, ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Абай мұрасы – аманат!» атты халықаралық танымдық жиын өтті.

Тарих және шетел тілдері институты мұрындық болған онлайн форматтағы тағылымды шараға отандық және түркиялық жоғары оқу орындарының ғалымдары мен білім алушылары қатысты.

Басқосуда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Немат Келімбетов атындағы Түркітану орталығының бас ғылыми қызметкері Мәрлен Әділов Абай «Қара сөздерінің» қолжазбасы туралы, Түркияның Токат Ғазиосманпаша университетінің Түрік тілі мен әдебиеті бөлімінің меңгерушісі, Абай еңбектерінің қолжазбасын зерттеген ғалым Ержан Петек пен Мугла Сыткы Кочман университетінің доценті, ақын шығармаларын түрік тіліне аударған ізденуші Екрем Аян ұлы шайыр шығармашылығы жайында пайымды пікірлерін айтып, тың мәліметтерімен бөлісті. Соның ішінде Ержан Петек өзінің авторлығымен жарық көрген «Абай Құнанбайұлы – Ғақлия кітабы» туралы әңгімеледі.

Абай мұрасы халықаралық деңгейде дәріптелді


 

 

Еңбекте Абайдың 1907 жылы Мүрсейіт Бікеұлы тарапынан араб қаріптерімен хатқа түсірілген қара сөздері берілген. Араб графикасымен жазылған қара сөздер қолжазбасы қайтадан оқылып, оның жаңа транскрипциясы ұсынылған. Жұмыста қолжазбаның толық грамматикалық индексі де оқырман назарына ұсынылған, – деді ол.

 

Ғалымның айтуынша, бүгінге дейін Абай шығармаларының жинағы қанша рет жарияланса да, қолжазба, транскрипция және индексі толық қамтылған басылым әлі шығарылған жоқ. Біз оқып жүрген нұсқалардың барлығы оқырман қауымға бейімделіп, осы күнгі әдеби тіл нормаларына сай өзгертілген. Осы олқылықтың орнын бұл зерттеу еңбегі толтырады деп ойлаймыз деп пікір білдіреді түркиялық ізденуші.
 

Абай мұрасы халықаралық деңгейде дәріптелді


 

 

Жиында Қыздар университетінің Шетел тілдерін оқыту әдістемесі кафедрасының білім алушылары Абайдың «Толық адам ретінде» қалыптасуы жайында танымдық баяндамалар жасап, хәкімнің «Қара сөздерін» шет тілдерінде нақышына келтіре орындады. Сонымен қатар «Желсіз түнде жарық ай» сияқты белгілі әндерді түрік тілінде шырқады. Шетелдік ізденушілерге тақырып төңірегінде сауалдар қойып, білімдерін жетілдірді. Жиыннің жоғары деңгейде өтуіне Ақылай Алғабек, Бақнұр Тасболат, Балнұр Маликова, Армангүл Рысбек, Лобархан Насирова, Жансая Секенова, Гаухар Амантаева, Индира Бекдәулетова сынды білім алушылар елеулі үлес қосып, жұртшылықты өнерлерімен тәнті етті.

Өзгелердің жаңалығы