18 қарашаға арналған ауа райы

18 Қараша 2020, 07:22
1603
Бөлісу:
18 қарашаға арналған ауа райы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 18 қарашада Қазақстан аумағының басым бөлігінде циклон жырасы және онымен байланысты атмосфералық ауа ағыны әсерінен қар жауады. Тек елдің батысы мен оңтүстік-батысына орталығы Самарада орналасқан антициклон әсер етіп, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК. 

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді. 

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, желдің жылдамдығы 15-20 м/с. 

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 

Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Түнде және таңертең Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болуы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы